Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буштың айтуынша, АҚШқа қарсы алдағы кезде де лаңкестік шабуылы болмайды деп кепілдік беру қиын.


Президент Буш бұл жөнінде кеше бейсенбіде, жабық есік жағдайында, 2001-жылғы қыркүйек уақиғасын тергейтін тәуелсіз үкіметтік комиссия алдында жауап бергеннен соң тілшілер алдына шығып айтты.

- Ешкім де төтенше келген шабуылдан құтыла алмайды. Себебі Ал-Қайда бар. Ал-Қайда - өте қауіпті. Ал-Қайда бізді жек көреді. Сондықтан Американы қорғап қалуда біз жүз пайыз дұрыс жол ұстануымыз қажет, - деген АҚШ президенті.

Дж.Буш пен президент орынбасары Дик Чейни коммиссияда қойылған сұрақтарға 3 сағат бойы жауап берген. Бір қатар мүшелер ол екеудің жауабына риза болған. Әкімшіліктің өтінішімен сұрақ -жауап дыбыс-бейне таспаға түсірілмеген. Тәуелсіз комиссия 2001-жылғы қыркүйек шабуылдары жөніндегі тергеу нәтижелерін шілде айының соңына дейін дайындап ұсынбақ.
XS
SM
MD
LG