Accessibility links

Грузия президенті Михаил Саакашвили Аджария басшылығына Грузия заңдарынa қайшы әрекеттерді тиып, заңсыз жартылай әскери құрылымдарды таратуға 10 күн уақыт берді.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Грузия президенті Михаил Саакашвили Аджария басшылығынан Грузия заңдарының өрескел бұзылуын тоқтатып,10 күн ішінде заңсыз жартылай әскери құрылмадардың таратылуын талап етті. "Біз Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы отырсында Аслан Абашидзеге ең соңғы мерзім беруді жөн деп таптық. Біз оған он күн ішінде Грузия конституциясының аясына оралып, қамауға алу мен соққыға жығулар сынды адам құқықтарын өрескел бұзу әрекеттерін доғаруын талап етеміз. Мәселен бүгін бірнеше журналист пен басқада адамдар соқыға жығылды,-" деді Грузия президенті Михаил Саакашвили.

Саакашвилидің айтуынша, егер Аджария оның талабын орындаудан бас тарса, онда ол Аджарияның аймақтық басшылығын орнынан түсіруге мәжбүр болып және жаңа сайлаулар өткізу туралы ұсыныс жасамақ. Өз сөзін толықтырып Саакашвили "жағдайдың " бебіт жолмен шешілетіндігіне" сенім білдірді. Грузия қарулы күштері Аджар автономиясының шекарасы маңында өткен аптада кең көлемді әскери жатығулар жүргізді. Жексенбі күні Аджар қарулы жасақтары аймақты Грузияның өзге жерлерімен жалғастыратын көпірді жарғанан кейін Саакашвили өз мәлімдемесін жасады. Мәскеуге арқа сүйейтін Аджария жеткшісі Аслан Абашидзе көпір жаруды өзіне қарсы грузин үкіметінің күш қолдану мүмкіндігіне байланысты жасалған "алдын алу" шарасы деп атады. Саакашвилидың Абашидземен теке-тіресі басталғалы бері Батумиге Мәскеудің қала басы Юрий Лужков бастаған ресейлік делегация келіп кеткен еді. Сондай-ақ, Аджарияда Ресей әскери базалары бар. Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Уолтер Швиммер Грузия және Аджария басшылығын соғысты болдырмау үшін қолдан келетін барлық мүмкіншіліктерді пайдалануға шақырды.
XS
SM
MD
LG