Accessibility links

Қазақстан Үкіметі көлеңкелі экономикаға жүйелі талдау жасамақ

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Мамырдың 4-і күні Үкімет басшысы Даниал Ахметовтің төрағалық етуімен өткен отырыста үш мәселе қаралды. Біріншісі-Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші тоқсандағы қортындысын шығарып, екінші тоқсандағы міндеттерді айқындау. Екіншісі-мемлекеттік бюджеттің бірінші тоқсандағы орындалу барысы. Үшіншісі-мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті және бюджетаралық қатынастарды бөлу туралы Қазақстан Республикасының заң жобалары туралы болды.

Қазақстаның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың айтуына қарағанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында республиканың ішкі жалпы өнімінің өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға өскен. Бірінші тоқсан жұмысы нәтижесін шығарған үкімет отырысында Үкімет басшысы Даниал Ахметов негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің дамуы тұрақты оң үрдісті сақтап отыр деп мәлімдеді. Бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысын баяндаған экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнекәсіп өсімінің 9,3 пайызға, көлік тасымалдарының 7,2 пайызға, байланыс қызметтерінің 37,7 пайызға, ал бөлшек тауар айналымының көлемі 5,2 пайызға өскенін айтады. Қаржы министрі Арман Дунаевтің айтуына қарағанда мемлекеттік бюджеттің түсімдер жағында оң үрдіс бар, ал шығыстар саласында игерілмеген қаржы 46,9 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл жағдайға Үкімет басшысы Даниал Ахметов көңіл толмастық білдірді. Дунаевтың айтуынша жалпы республикалық бюджет бойынша қаржының игерілуі 82 пайызды құраған. Оның ішінде Президент әкімшілігі 91 пайызға, премьер-министрдің кеңсесі 64 пайызға, ауыл шаруашылығы министрілігі 68,7 пайызға, қоршаған ортаны қорағу министрлігі 32,8 пайызға, демография және көші–қон агенттігі 7,1 пайызға орындаған. Үкімет басшысы аталғандай мәселені жыл сайын қайталанатын проблемаға теңеді. «Біз Президенттің Жолдауын орындауда бюджетке тиісті өзгерістер енгіземіз. Министрліктер тарапынан бірде бір ұсыныс болмайтын болсын. Бөлінген қаржыны игеріңдер. Бюджеттік комиссияның төрағасы ретінде ешбір ұсыныстың қаралмайтынын ескертемін» деді Даниал Ахметов. Үкімет басшысы көлеңкелі экономикаға жүйелі талдау жасау мәселесін алға қойып отыр. Осы мақсатта құрылатын жұмысшы тобының жетекшісі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов болды. Даниал Аметовтың осындай талдау жұмысынң нәтижесінде жалпы жүйелік өзгеріс жасауға болады деп есептейді. Оның айтуына қарағанда мұндай жүйелі талдау жұмысы жасалмаған. 1 шілдеге дейін көлеңкелі экономиканы қысқартатын кешенді жоспар жасап енгізуді тапсырды. Даниал Ахметов көлеңкелі экономиканың көлемі 22 пайызға бағаланып отыр, мүмкін одан бірнеше пайыз үлкен дейді. Үкiмет басшысы әлеуметтік салаға қатысты мәселер бойынша да тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде Денсаулық сақтау министріне 1 маусымға дейін аталған саланы реформалау жөнінде бағдарлама жобасын дайындап ұсынуды тапсырды.
XS
SM
MD
LG