Accessibility links

Қазақстан Азия және Тынықмұхиты елдерімен салыстырғанда кедейшілікпен күресте артта қалып келеді

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Кеңес одағы кезінде Қазақстан халқының 1,5 проценті ғана кедейшілік деңгейінде өмір сүрсе, бүгінде ресми дерек бойынша республика жұртшылығының 20-25 проценті өте нашар тіршілік кешіп отыр.

Экономика саласы мамандарының айтуынша, тоқсаныншы жылдардың орта шенінде тіптен халықтың 60-80 проценті кедейшілік деңгейіне түсіп, қабілеттілері оның шырмауынан өз бетінше шыға білген. Енді онымен күресу үшін мемлекеттік деңгейде жүргізілетін әлеуметтік бағдарлама қажет дейді ғалымдар. Ал Қазақстан Азия және Тынықмұхиты аймағындағы елдермен салыстырғанда кедейшілікпен күресте артта қалып келеді деген пікірлерін білдірді Алматыда осы мәселені талқылауға жиналған аталған елдерден келген мамандар. Сөйтіп, кедейлікпен күрес проблемасы Азияның және Тынықмұхиты аймағы елдерінің ішіндегі әсіресе, Қазақстан үшін күрделі екенін халықаралық мамандар мен қатар Қазақстан ғалымдары да айтып отыр. Осы реттегі ойын ҰҒА Экономика институтының директоры Марат Кенжеғозин былай жеткізді: -Дегенмен де, тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда қазір ілгерілеушілік бар. Ел экономикасы еңсе тіктеп келеді. Тоқсан алтыншы жылдары тіптен, кедейшілік қылбұрауына халықтың 40-50 проценті түскен болатын.

Ал, қазір ол көрсеткіш екі есеге түсті. Бұл аталған салада алға жылжу бар деген сөз. Алайда ,экономика ғылымының кандидаты, профессор Орақ Әлиев Азия және Тынықмұхиты елдерімен салыстырғанда Қазақстан кедейшілікпен күрестің нақты механизмін іске асыра алмай келеді дейді. Сондықтан да, Азия мен Тынықмұхиты елдерінің кедейшілікпен күрес тәжірибесінен Қазақстан үкіметі үйренуі қажет деген пікірде.
XS
SM
MD
LG