Accessibility links

Өткен түнде Аджария аутономиялы республикасы астанасы Батумиде коменданттық сағат пен төтенше жағдай жарияланғандығына қарамай, 2 мыңдай адам шеруге шығып, Аджария елбасы Абашидзенің қызметтен кетуін талап еткен.


Ал Гүржістан през. М. Саакашвили сейсенбіде Аджариядағы полиция мен өзге де қарулы топтарды өз қару-жарағын тапсырып, Аджария жетекшілігінің бұйрығын орындамауға шақырған болатын. Өзінің теле -мәлімдемесінде Саакашвили Аджария басшысы Аслан Абашидзенің енгізген төтенше жағдайы заңды күшке ие емес деген.

"Аджариядағы қарулы бөлімшелердің және Аджария полиция күштерінің барлық мүшелеріне айтарым - мен елді жазалау бойынша және мемлекеттік төтенше жағдай жөніндегі Аслан Абашидзенің бірде-бір бұйрығын орындамауға бұйрық беремін. Ол мемлекеттік төтенше жағдай - заңсыз, сондықтан барлық полиция қызметкерлерін ол бұйрықты орындамауға шақырамын,"- деген президент Саакашвили. Сондай-ақ, М.Саакашвили Аслан Абашидземен ешқандай келіссөздерге бармайтындығын айтқан. Сейсенбі күні Аджария әкімшілігі Батумидегі оппозициялық қауымның наразылық шеруін күшпен таратқан кезде ондаған адам жарақат алған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG