Accessibility links

Қазақстандық саясаткерлер Демократиялық таңдау партиясының тіркелгенін елеулі оқиға ретінде қабылдап жатқанда, абақтыдағы Жақияновтың жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Қазақстанның саяси қоғамына демократиялық таңдауы халықтық партиясының тіркелуі елеулі әсер етті. Көптеген қазақстандық саясаткерлер мен сарапшылар бұл жаңалықты ерекше қабылдады.

Билікке жақын, президенттік партиялардың өкілдері саясат сахнасында тағы бір саяси бәсекелестерінің пайда болуын Қазақстандағы демократияның алға жылжуы деп пайымдап отыр. Ал радикалды оппозицияның өкілдері билік басындағылар жайдан-жай оппозицияға мұндай базарлық беріп отырған жоқ. Оның артында үлкен саясат бар деген қауіптерін де жасырмайды.

«Ақ жол» партиясы тең төрағаларының бірі Алтынбек Сарсенбаев Демократиялық таңдау халықтық партиясы мен биліктің арасындағы күрес енді басталады дейді. Ал партияның тіркелуі оппозициядағы кейбір азаматтардың табандылығынан деп есептейді.

«Ауыл» саяси партиясының жетекшісі Ғани Қалиев болса, биліктің оппозицияға берген бір сыны болар деген ойын айтады. «Біздің мемлекеттігімзге, халқымызға егер анық өзінің ойы болатын болса қабілеттерін көрсетіп көрсін деуі де мүмкін»,– дейді Ғани Қалиев.

Ал бұрынғы Қажігелдиннің Қазақстанның халықтық партиясының өкілі Әміржан Қосанов билік жәйдан-жай өзінің қарсыластарына сыбаға беріп отырған жоқ деп есептейді. «Мұның ар жағында қандай қитұрқылар тұр, оны уақыт көрсете жатар. Бірақ партияның заңды түрде тіркелгені партия үшін жаңа кеңістіктер ашады»,–дейді Қосанов.

Сонымен қатар Әміржан Қосанов бұл қадамды Қазақстан Президентінің саяси қадамының әлсіреуі деп түсінеді.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаты, аталған партияның құрылуына қарсы болып, осыған орай әділет минитсрлігіне бірнеше қайтара депутаттық сауал жолдап жүрген Ерасыл Әбілқасымов Демократиялық таңдауы халықтық партиясының тіркелуіне өзінің қарсылығын білдіреді.

Сасяаттанушы Әзімбай Ғали болса, енді аталмыш партияға талап өзге партиялардан көрі қатаятындығн айтады. Сонымен қатар Әзімбай Ғали күні кеше тіркелген партияның кемшін тұстарын да жоққа шығармайды. «Бұл партияның қазақ халқына пиғылы сәйкес емес жерлері бар. Мысалы тіл мәселесі жайында бағдарламаларындаайқын айтылмаған. Мемлекеттік тіл мәселесін көтеру жайында сөз қамтылмаған. Көп жағдайда басшылары қазақ электоратын пайдаланғысы жоқ. алайда соған қарамастан бұл партияның дүниеге келуін қолдаймын дейді,– саясаттанушы Әзімбай Ғали.

Партияның лидері болып саналатын Ғалымжан Жақияновтың алдағы 8-мамыр күні туған күні. Алайда күні кеше Парламент мәжілісінің депутаттары Серікбай Әлібаев пен Төлен Тоқтасынов Жақиянов отырған Құсмұрындағы абақтыға барып, осымен екінші мәрте кездесе алмай келгендерін айтады. Мәжіліс депутаты, Коммунистер партиясының хатшысы Төлен Тоқтасыновтың айтуынша, түрмедегі қызметкерлер Ғалымжан Жақияновпен жолықтырмаған. «Түрме қызметкерлері Жақияновпен кездесуге мүмкіндік бермеді. Түрменің бастығының айтуы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері рұқсат бермеді дейді. Сондағы бізге көрсеткен қағазы тергеушінің қаулысы емес жәй өтініші. Осыған байланысты депутаттық сауал дайындап жатырмыз», – дейді Тоқтасынов. Әйтсе де Жақияновтың туған күнінде бір топ Парламент депутаттары мен журналистер Құсмұрынға Жақияновты құттықтап, Қостанайдан Құсмұрынға дейін жаяу баратындықтарын айтады.
XS
SM
MD
LG