Accessibility links

Афинада полиция бекеті сыртында бомба қопарылды.


Афина. Бүгін таңертең Афина полиция бекетінің сыртында 3 рет бомба қопарылды. Полиция бекеті кәдімгідей зардап шекті. Бомба қопарылмастан сәл бұрын белгісіз біреу Афинадағы бір газет редакциясына телефон шалып бұл оқиға болатынын алдын-ала хабарлаған. Алайда бұл қастандықтың себеп-салдарын ашып айтпаған. Афинада Олимпиядалық ойындардың басталуына бүгін 100 күн қалып отыр.
XS
SM
MD
LG