Accessibility links

Астық экспортына ресми шектеу қойылған ба?

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Ақпарат көздеріне қарағанда «Қазақстанның Астық Одағы» коммерциялық емес ұйымы экспортқа бейресми шектеудің болуынан мамыр мен маусымда астықтың бағасы ішкі нарықта құлдырауы мүмкін деп мәлімдеме жасаған. Алайда, осы мәселенің мәнісін сұрап аталған коммерциялық емес ұйымның вице-президенті Аманғали Рамазановқа хабарласқанымызда, ол түсінік беруден бас тартты.

Астық экспортына ресми шектеу қойылған ба? Осы сұраққа жауап алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашалық министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Арман Қайратұлына хабарласқанымызда, ол бұл сұраққа басшылықтың рұқсатынсыз жауап бере алмайтынын алға тартты. Ал, «Қазақстан Фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуына қарағанда, бүгінгі күні мемлекет бірқатар себептермен астықтың экспортқа шығуын тоқтатуда. Онда әкімшілік тетіктер бар. Күзде және көктемде астық сатып алғандар темір жол вагондарының болмауынан жүкті тией алмай отыр. Басты проблема осы болуда. Сондықтан баға түсе бастайды дейді ол. Азық-түлік корпорациясының астық сатып алу және сату департаментінің директоры Сапархан Омаровтың айтыунша, биылғы жылы 10-12 миллион тоннадай астық жиналуы керек. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 18 миллион тоннаны құрапты. «Былтырғы жылы Қазақстан бойынша экспортқа 5 миллион тоннадан артық астық шығарылды. Ал, биылғы жылы экспорттың көлемін айту қиын. Бірақ менің ойымша, 4-5 миллион тоннаның айналасында болуы керек», дейді ол. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікбай Әлібаев, нақты нарық болса баға тұрақты болуы керек деген пікірді айтады.Астық бағасы түскен күнде нан бағасы аздап қана арзандауы мүмкін. Себебі наубайханалар жекеменшікте дейді ол. Ақпарат көздеріне қарағанда осы жылдың алғашқы үш айында Қазақстаннан 103 мың тоннадан аса астық заңсыз шығарылыпты.
XS
SM
MD
LG