Accessibility links

Бағдадта аутокөлікте қопарылған бомбадан 7 кісі опат болды.


Бағдад. Бүгін Бағдадта үкімет үйіне жақын көгалда аутокөлікке қойылған бомба қопарылып 7 кісі опат болды. Опат болғандардың алтауы ирақтық, біреуі американдық. Кеше АҚШ президенті Джордж Буш араб тілді Ал Арабия, Ал Хурри телеарналарына интервью берді. АҚШ әскеріне қарсы болып жатқан шабуылдарға қарамастан АҚШ Ирақты қайта қалыпқа келтіру жұмысын атқара береді деді ол. Бағдадтың Абу Граиб түрмесінде АҚШ жауынгерлері тарапынан орын алған ирақ тұтқындарын қорлау оқиғасы толық тексеріледі деді ол:

"Және бұндай кейбіреулердің әрекеттері біздің елімізге қызмет етіп жүрген ерлер мен әйелдер болмысынан хабар бермейді" деді Буш. Ал, Женевада болса Қызыл Крест ұйымы біз Ирақ түрмелерінде болып жатқан келеңсіздіктер туралы бұрыннан дабыл қағып келгенбіз деді. Бүгін БҰҰ өкілі Лағдар Брахими Бағдадқа келіп уақытша Ирақ үкімет құру үдерісін одан әрмен жалғастырмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG