Accessibility links

Абашидзе Аджарияны тастап шықты. Саакашвили Аджарияда.


Батуми. Грузия. Аджария басшысы Аслан Абашидзе өткен түні саяси баспана сұрап Ресейге ұшып шықты. Грузия президенті Михаил Саакашвили бүгін таңертең Аджарияда жиналған халық алдында былай деді: "Грузиндер! Аслан кетті. Аджария азат. Мен бәріңізді осынау жеңістеріңізбен құтықтаймын! Грузия біртұтас болуға тиіс! Грузия біртұтас болады!"

Ал, Абашидзе болса Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің жетекшісі Игорь Ивановпен бірге өткен түні Мәскеуге келді. Саакашвили Абашидзеге саяси баспана беру мәселесін Ресей президенті Владимир Путинмен талқылағанын айтты. Аджарияның аутономиялық мәртебесі құрметтеледі деді ол.
XS
SM
MD
LG