Accessibility links

Бюджеттен экологияға бөлінетін қаржы өз мақсатына жұмсалып жатқан жоқ дейді тәуелсіз экологтар

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Жыл сайын Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен республиканың экологиялық ахуалын сауықтыруға деп 12-15 миллиард тенге бөлінеді. Алайда, республикадағы 300-ден аса экология мәселелерімен айналысатын мемлекеттк емес ұйымдардың көпшілігі сол қаражаттың 20 проценті ғана нақты елдің экологиялық бағдарламаларына жұмсалатындығын айтып отыр.

Сондықтан да олар, экологияға бөлінген қаржы толықтай өз мақсатына жұмсалуы үшін, барлық осы саладағы мемлекеттік емес ұйымдар бақылай алатын және одан өздері бәсекелік негізде гранттар ала-алатын Республикалық экологиялық қор құру қажет деген ұстанымдарын білдіріп отыр. Бұл ұсынысты қойып отырған «Табиғат» экологиялық қозғалысының төрағасы Мэлс Елеусізов былай дейді: -Қазақстанның экология саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың билікке қойып отырған басты талабы ел бюджетінен республиканың экологиялық проблемаларына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалмауы. Ендігі жағдайда Қазақстанның экологиясын сауықтырамыз десек, билік бұл осы саладағы мемлекеттік емес ұйымдардың сөзіне құлақ асуы тиіс. Яғни, мемлекеттік болсын, әйтеуір тәуелсіз экологтар бақылай алатын ортақ экологиялық қор құру қажет. Алайда, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақаова бұл мәселеде жергілікті әкімшіліктер қателік жіберіп отыр дейді. Ал, Қызылорда облысы Арал ауданындағы «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Батима Ақшабақтың айтуынша, олардың бірлестіктері тек шетелдің гранттары арқылы ғана жұмыс істеп жатыр екен. Жоғарғы билік экология ға грант бөліп, біз оған қатысқанымызбен ештеңке шыққан емес дейді ол. Сөйтіп, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тәуелсіз экологтарға ықылас танытып, мемлекеттік емес ұйымдармен біріге жұмыс істеу жөніндегі мемарандумға қол қойып отыр.
XS
SM
MD
LG