Accessibility links

“Сөз”, “Қазақстан”, “Ассанди таимс”, “Панорама”, “Литер”, “Айқын”.


Мерзімді басылымдарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділовпен сұхбат, Қазақстандағы тоғыз партия басшыларының саяси бәсекелістік принциптері туралы келісімге қол қойғандығы туралы мақалалар жарық көріпті.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділов бұған дейін мемлекет басшысының тарапына өткен ғасырдың 90 жылдары жекшелендіру саясаты мен қазірде Америка Құрама Штатында тергеу жүріп жатқан “Қазақгейт” ісіне байланысты бірқатар сауалдарды жария түрде жолдап, 2004 жылдың мамыр айының 1 күні Алматыдағы Республика алаңында күтетіндігін айтқанымен, сол күні респубика алаңына келген Заманбек Нұрқаділовке белгісіз адамдар шикі жұмыртқа лақтырған еді. Осы оқиғадан кейін Заманбек Нұрқаділов оппозициялық бағыттағы басылымдардың негізгі қаһарманына айналды.Өйткені апта барысында жарық көрген “Сөз”, “Қазақстан” және “Ассанди таимс” газеттерінің бәрі де Заманбек Нұрқаділовтан сұхбат алып, осы мәселеге қатысты көптеген сауалдар қойыпты. “Сөз” газетінің соңғы санына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығының ондаған миллиард доллардан асатындығын мәлімдепті. Заманбек Нұрқаділовтың айтуынша, Қазақстан президенті тек өзі ғана емес, сонымен қатар маңайындағылардың бәрін де соңғы он жылдың ішінде парақор қылып шығарған. Сонымен қатар Заманбек Нұрқаділов осы күнге шейін беймәлім болып келген біраз дүниелерге қатысты әңгімелер айтқан. Атап айтсақ, Заманбек Нұрқаділов өз мақаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген адамдарды коррупцияға итермелегенін айта келіп, “Кармет” комбинатының бұрынғы басшысы Свечинскидің өліміне де қатысы бар деген дерек келтіреді. Заманбек Нұрқаділов өз сұхбатында Қазақстанның бірінші президентінің қызметін тексеру мақсатында қоғамдық комиссия құрылып жатқандығынан да хабардар етіпті. “Қазақстан” газетіне берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл орнынан кететіндігіне сенімді екендігін білдіріпті. Сондай-ақ Заманбек Нұрқаділов кезінде Назарбаевтың тапсырмасымен Жоғарғы Кеңесті тарқатуға себепкер болғандығын айта келіп, егер Қазақстан сол Жоғары Кеңеспен кете бергенде мемлекет құру бағытының басқаша болар еді деген ойын жеткізген. Сұхбытының соңында Заманбек Нұрқаділов 1 мамырдан кейінгі оқиғадан кейін Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың өршуіне, халықтың байлығын тоқтаусыз тонауға мүмкіндік беріп отырған бірден-бір адам Нұрсұлтан Назарбаев екендігіне көзі жеткендігін айтыпты. “Ассанди таимс” басылымының жұма күнгі санында жарық көрген Марат Әлжановтың мақаласында 1 мамыр күні жаңа алаңда орын алған оқиға егжей-тегжейлі баяндалыпты. Мақала авторының айтуынша, Заманбек Нұрқаділовті ұруға ұмтылған белгісіз біреудің жұдырығы оның жанынада тұрған Әлихан Рамазанов деген азаматқа тиіп, ол кісі есінен танып қалған. Жұма күні жарық көрген “Панарома” “Литер” және “Айқын” газеттері Қазақстанда тіркелген тоғыз партия жетекшілерінің саяси бәсекелістік принциптері туралы келісімге қол қойғандығын хабарлапты. “Панарома” апталығында жарық көрген Ярослав Разумовтың мақаласында ресми түрде үш партияның ғана бұл келісімге қол қойғандығы айтылыпты. Бұл келісімде Қазақстан Коммунистік партиясының басшысы Серікболсын Әбділдиннің қолы болмағанымен, партия өкілдері Қазақстан Коммунистік партиясының бұл келісімге қосылатындығын мәлімдепті. Мақала авторының айтуынша, Қазақстанда тұңғыш рет саяси партиялар сайлауды әділетті өткізуге байланысты осындай міндеттеме алып отыр. Алайда “Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі Болат Әбіловтың айтуы бойынша, бұл міндеттемені көп жағдайда тек оппозициялық бағыттағы партиялар ғана орындайды екен. “Литер” басылымында жарық көрген Айнұр Сисенғалиеваның мақаласында “Асар” партиясы жетекшілерінің осы келісімге қосылатындығы немесе қосылмайтындығы туралы түсініктеме беруден бас тартқандығын айтылыпты. Осы тақырыпты жалғастырған “Айқын” газетінде жарық көрген Ержан Әбдіраманның мақаласында осы келісімді жасаған құжаттың заңдық күші жоқ екендігі айтылыпты. “Отан” партиясының басшыларының бірі Болатхан Тайжан айтқандай, мәселе саяси бәсекенің этикалық жағы туралы болып отыр. Ал, Патриоттар партиясы бұл келісім партиялардың өзін тұсайды, ал биліктің іс-әрекетіне еш кедергі келтіре алмайды деп есептейді. Осы партияның жетекшісі Ғани Қасымов келісімді жетілдіре түсу керек деп пайымдайды. Өйткені Ғани Қасымовтың айтуынша, ондағы принциптер мемлекеттік “Бұқаралық ақпарат құралдарынан”, оның ішінде “Хабар” телеарнасы эфирінен саяси партияларға бірдей уақыт бөлінуін қамтамасыз ете алмайды.
XS
SM
MD
LG