Accessibility links

Ресей президенті Путин Мәскеушіл шешен президенті Ахмат Қадыровтың өлімін растап отыр


Мамырдың 9-ы күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат он кезінде Екінші Дүниежүзілік соғыстың Жеңісіне арналған мерекелік шара кезінде Грозныйдың Динамо стадионында жоғарғы лауазымды ұлықтар отыратын орында жарылыс болды. Бұл жарылыстан Мәскеушіл шешен президенті Ахмат Қадыров, мемлекеттік кеңестің жетекшісі Хусейн Исаевтар опат болып, Шешен жеріндегі Біріккен Ресей қолының қолбасшысы генерал Валерий Баранов ауыр жараланды.

Ресми мәліметтерге сай, жарылыстан 4 кісі опат болды. Олардың бірі Мәскеушіл шешен президенті Ахмат Қадыров және мемілекеттік кеңестің жетекшісі Хусейн Исаев. 53 адам жараланды, жаралылар ішінде 8 бала бар. Шешен жеріндегі Біріккен Ресей қолының қолбасшысы генерал Валерий Барановта ауыр жараланған. Жексенбілік жарылысқа қатысы бар деген сезікпен 5 кісі қамауға алынып тергеліп жатыр. Мамырдың 9-ы күні Ресей президенті Владимир Путин Мәскеушіл шешен президенті Ахмат Қадыровтың ұлы Рамзан Қадыровты қабылдап оған көңіл айтты. Путин Шешен президентінің қызметін атқаруды республиканың үкімет төрағасы Сергей Абрамовқа жүктеді. Ахмат Қадыров 1990 жылдардың ортасында Джохар Дудаиевты қолдаған дін басы болатын, бірақ екінші шешен соғысы кезінде 1999-ы жылдың қазан айында ол Мәскеу жағына шығып өз қандастары арасында көптеген қарсыластар тапты. Қадыровтың өміріне бірнеше мәрте шабуылдар жасалды. Жексенбілік жарылыс үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмағанымен ресми Ресей мұны шешен көтерілісшілері ұйымдастырған деп отыр. Кремль бес жылға созылып келе жатқан соңғы шешен соғысы барысында шешен елінде тәртіп орнатылып келеді деп сендіргенімен, шешен көтерілісшілеріне тосқауыл қоя алмай келеді. Қазақстандағы шешен диаспорасының жетекшісі, шешендердің дүниежүзілік Конгресінің вице-президенті Ахмет Мұратовтың Қадыровтың өліміне пікірі мынандай: " Ол - өте батыл, шешімді тез қабылдайтын, күшті шешен, ол - шешендерге тән барлық нәрсені жіті қабылдайтын адам. Бірақ оны алдап соқты, міне осы жағы өкінішті. Eнді оның ұлын да, сол жаққа тартып отыр. Енді қанға-қан, жанға-жан алу басталып, ұлы әкесі үшін кек алуын бастап, бұл одан әрі қан төгістерді өршітеді. Бұл жарылыстың ақырын елестету қиын." Грозныйдағы жарылысты айыптап Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Вальтер Швиммер және Түркия Сыртқы Істер министрлігі мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG