Accessibility links

Шешенстан президенті, марқұм Ахмед Қадыров қайшылықты тұлға дейді бірқатар саясаткерлер

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

"Азаттық" радиосы 9 мамыр күні Грозный қаласындағы «Динамо» стадионындағы жарылыстан көз жұмған, кезінде Қазақстанда туған Шешенстан президенті Ахмед Қадыровтың қазасы турасында Қазақстандағы шешен диаспорасы өкілдерінің және қоғам қайраткерлерінің, саясаттанушылардың пікірлерін білген еді. Біз тілдескен қазақстандықтардың пікірлері қайшылықты болды.

Шешен ұлтының Ахмед Қадыров, Зелимхан Яндарбиев сынды бірқатар азаматтарының кіндік қаны Қазақстанда тамған. Соның ішіндегі 1951 жылы 23 тамызда Қарағандыда туған Ахмед Қадыров турасындағы Қазақстанның көрнекті азаматтарының көзқарастары сан алуан. «Вайнах» атты шешен ұлттық мәдени орталығының төрағасы Ахмед Мурадов былай дейді: -Қадыровты өте батыл, мықты және шешімді тез қабылдай білетін адам ретінде жақсы білемін. Өкінішке орай, оны алдады. Бұл жөнінде өзіне ескертіп айтқанмын.

Ал, белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әуезов бұл оқиға Pесейді тағы бір рет ойлантып тастауға тиіс дейді. Сондай-ақ, шешен диаспорасының өкілі, саясаткер Аманша Гунашев Ахмед Қадыровты тұлға ретінде танымайтындығын айтады.

Жалпы Ресей мәселені саяси келіссөзбен шешпей жағыдай осылайша жалғаса береді дейді саясаткер Болатхан Тайжан.

Алайда, Азаматтық қоғамды қалыптастыру институтының директоры Дидар Қосылбеков жарылысқа шешен сепаратистері жауапты дейді. Оның пікірінше ресми Мәскеу саяси келісімге баруы тиіс. Бірақ та, саясаттанушы Болат Тілеповтың айтуынша, болашақта Ресей ешқандайда келіссөздерге бармайды дейді.
XS
SM
MD
LG