Accessibility links

Абу Ғрайб түрмесінде орын алған келеңсіздіктерді зерттеу мәліметтері АҚШ Сенатында қаралмақшы.


Генерал майор Антонио Тагуба зерттеулер барысында көзі жеткен жәйіттерді “қатігездікпен және сұмдық жағдайда, жүгенсіздікпен жүзеге асқан”,-деп бағалады. Тагубоның басқаруындағы жасақтың тапқан бірнеше суреттері баспасөз бетінде жарияланып үлгергені де белгілі. Amnesty International ұйымы Британия солдаттарының ирақтық бірнеше бейбіт азаматтарды атып өлтіргендігін және бұл жағдайларды Британия әскерилерінің тексермегендігін мәлімдеп отыр. Сол сәттерде британиялық солдаттарға айта қаларлықтай қауіп төнбеген екен.
XS
SM
MD
LG