Accessibility links

Нажаф аймағының жаңа сайланған әкімі бейбіт арағайындық қадамдарға әзір екендігін айтты.


Егер Мұқтада әс-Садр өзінің қарулы жақтастарын қаладан алып кеткен жағдайда, оған қарсы тағылған адам өлтіргені жөніндегі айыптың маусымның 30-ына, яғни Ирақ егемендігінің тапсырылар кезеңіне дейін шегеріле тұратындығын Нажаф әкімі мәлімдеді. Ол сондай-ақ әс-Садрмен келіссөздер жүргізуге әзір екендігін айтты. “Егер Мұқтада әс-Садрмен кездесуім Нажаф халқына көмектесер болса, онда мен солай етуге әзірмін. Мен оған біздің бұл теке-тіресті бейбіт түрде шешкіміз келетіндігін айтпақшымын. Сондай-ақ барлық жауынгерлердің қаруын тастауын қалайтындығымызды да жеткіземін”,-деді әкім.
XS
SM
MD
LG