Accessibility links

Ирақтан келіп түскен соңғы хабарларға қарағанда, бүгін таңертеңгісін Америка күштері Кербала қаласында ас-Садрдың жауынгерлерімен шайқастарға барған.


АҚШ аскерлері тікұшақтар, танктерді қолданған, ал ас-Садрдың Мехди армиясы да атыстармен жауап берген. Сейсенбі күні ас-Садрдың көмекшілері егер өзі қойған талаптардың көпшілігі орындалар болса, Мохтада ас- Садр Наджаф қаласындағы қарсылығын тоқтатуы мүмкін деген болатын. Ол талаптардың қатарында Наджаф қаласын бақылайтын Ирақ күштерін құру және өткен жылы бәсекелес діни көсемнің өліміне байланысты Садрға қарсы сот ісін кейінге шегеру деген мәселелер қойылған. АҚШ бастаған коалиция тарабынан бұл талаптарға орай нақты жауап болған жоқ. Сейсенбі күні жүздеген адам Садр мен оның жақтастарын қаланы босатуын сұрап, Наджаф қаласында шеруге шыққан.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG