Accessibility links

Кеше БҰҰ-ы шиттердің рухани көсемі Аятолла Әли әл-Систани Ирақтағы демократиялық кезеңге өту туралы БҰҰ-ң ұсыныстарына қолдау көрсететіндігін білдірді деп айтқан.


Аталған ұсыныстар БҰҰ-ң Ирақтағы елшісі Лахдар Брахими мен Ирақ шенеуніктерінің кездесуінде берілді деген БҰҰ-ң өкілі Фред Экхард. Экхардтың айтуынша, Брахими мен Ирақ шенеуніктері өтпелі кезеңнің түрлі аспектілері жөнінде пікір алысқан. БҰҰ-ң Ирақтағы арнайы елшісі Брахими Ирақтағы демократиялық өзгерістер жоспарына елеулі ықпал еткен тұлға.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG