Accessibility links

Ислам жауынгерлік интернет парақшасында пайда болған видео түсірілімде беттерін бүркемелген бес адамның қолға түскен бір адамды жазалап жатқан сәттері көрсетілген.


Қайыр. "Әл-қаида" ұйымымен байланысы болуы мүмкін делінген бұл адамдардың жазаға тартып жатқаны филаделфиялық бір американдық делінеді. Олардың біреуі мәлімдемені дауыстап оқыған соң, жерде қолы байлаулы отырған әлгі адамды терезе тұсына алып барып, басын кесіп алып, оны жоғары көтеріп ұстап тұрған сәті көрсетіледі. Әлгі адамдар бұл жазалаудың ирақ тұтқындарына американдық солдаттардың қорлық көрсеткеніне жауап ретінде жасалды деп айтқан. Оладың малімдемесіне Зарқауи деп қол қойылған. Вебсайттың жазуынша, Абу Мусаб әл-Зарқауи "Әл-қаида" жетекшісі Осама бин Ладеннің одақтасы, жазаны орындаушы да сол делінеді. Алайда бұл видеоның қаншалықты шынайылығын бірден тексеру мүмкін болмаған.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG