Accessibility links

Ирақ: Соңғы тәулікте орын алған оқиғалар.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ирақтағы жағдай әлі сол бұрыңғы тұрақсыздық жайлаған қалпында. АҚШ әскері Ирақ шиттерінің қасиетті қалалары Кербала мен Нажаф маңында Моқтада Ал Садр жасақтарымен бүгінде шайқас салып жатыр.

Соңғы тәулікте бұ шайқаста Ал Садр жасақтары қатарынан Кербала маңында 22 кісі шығын болса, Нажаф маңында екі жауынгері опат болған.

Ал Садрдың АҚШ әскерінің қаруды тастау туралы талабына берген жауабы:

"Бұл Махди әскерін тарату мәселесін діни басшылық шешеді. Ол жеке адамның емес, қоғамның шаруасы." дейді шииттердің Махди әскерін басқарып жүрген Ал Садр.

Егерде діни басшылық Махди әскерін тарату керек десе онда әскерді таратамыз. Ондай шшеім болмаса онда біз өз отанымыздың ар-намысы үшін шайқаса береміз дейді Ал Садр.

Ирақтың Абу Граиб түрмесінде түсірілген суреттер кәзір әлемді шарлап жүр. АҚШ Британия солдаттарының тұтқын ирақтықтарға көрсеткен қорлықтары айғақталып кетті. Ол үшін АҚШ пен Британия басшылары ол тұтқындардан әлем алдында қол қусырып кешірім сұрады. АҚШ Сенаты Абу Граиб түрмесінде болған масқаралықтарды бейнелейтін фото бейне деректерді көргеннен кейін Сенаттағы көпшілік өкілі Билл Фрист былай деді:

"Біз осынау күштеу, қорлау мысалдары бейнеленген суреттер тізбегін көргеннен кейін ауырып қалдық деуге болады." деді сенатор.

Бағдадтың Абу Граиб түрмесінде орын алған тұтқындарды қорлау оқиғаларын зерттеуді АҚШ әскері қолға алып отыр. Ол жәйлі Ирақтағы АҚШ әскерінің генералы Марк Киммит:

"Тұтқындарды қорлаудан сақтау жөніндегі міндетін атқармағаны үшін , тұтқындарға дұрыс қарамағаны үшін тағы да екі сержант Фредерикке , Дависке қарсы қылмыстық істер қозғалды" деді . Ал, бұдан бұрын бұл оқиғаға байланысты 6 америка жауынгеріне қарсы іс қозғалғаны аян. АҚШ қорғаныс министрінің Ираққа бейсенбі күнгі сапары алдын ала жарияланбады. Алайда Бағдад түрмесінде түсірілген суреттер жария болып кеткенннен кейін Рамсфелдтің жағдайы қиындап кеткені белгілі. Әскери түрмедегі былыққа орай оған қызметтен кетсін деген ұсыныстар болды. Осы тұста АҚШ қорғаныс министрінің Ираққа келуі өз әскеріндегі жағдайды өз көзімен көруі заңды қадам делініп отыр.
XS
SM
MD
LG