Accessibility links

Баспасөзге шолу. 05-13-2004

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Қазақстанның саяси күштері турасында, олардың күзде болатын мәжіліс сайлауына қатысу барысы жайында және Алматы қаласында сәрсенбі күні болған жарылыстың жай-жапсары 13 мамыр күні жарық көрген мерзімді басылымдар кеңінен тоқталып өтіпті.

Қазақстанның саяси күштері турасында, олардың күзде болатын мәжіліс сайлауына қатысу барысы жайына және Алматы қаласында сәрсенбі күні болған жарылыстың жай-жапсарына 13 мамыр күні жарық көрген мерзімді басылымдар кеңінен тоқталып өтіпті.

«Жас алаш» газетінде жарық көрген шағын сұхбаттар ішінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Мәулен Әшімбаев «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының тіркелуін билік пен оппозиция арасындағы қарым-қатынастың конструктивтік жолмен дамып келе жатқанынан деп атап өтіпті. Ал, Азаматтық партияның жетекшісі Азат Перуашев Қазақстандағы төрт партияның тіркелмей қалуын заңды жағдай деп есептейтіндігін айтады.

Ал, «Литер» газетінің соңғы санында басылымның «Халық және партия» акциясы шеңберіндегі тілшілер тобы дайындаған сараптамада саяси күштердің сайлау жақындаған сайын белсенділігі артып келе жатқанымен бұған қарап, Қазақстан халқының саяси санасы сақайған деп айту қиын дейді. Әлеуметтік зерттеуге жүгінген олар, бүгінде әрбір отызыншы қазақстандық қана саяси партияларға сенетіндігін алға тартады. Осы тұрғыда олар Қазақстандағы саяси күштерге әлі көп тер төгу қажеттігіне тоқталыпты.

Сондай-ақ, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Шынның жүзі» хабарының «Айқын» газетіне жарияланған газеттік нұсқасында «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев осыдан 4-5 жыл бұрын саяси күштер қазақ журналитикасына жүгінбей келгенін айта келіп, енді олардың қазақ тіліндегі хабарларға, қазақтілді газеттерге сұранатындығын айтады.

«Сөз» газетінің соңғы санындағы «Жылылық басталды бірақ, ауа райының емес, саяси ахуалдың» атты мақалада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының тіркелуі барысындағы елдегі жалпы саяси күштердің аяқалысына жіті тоқталған.

«Асар Қазақстан» газетінің соңғы санына берген сұхбатында ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тажин елдегі жоғарғы биліктің оппозициялық саяси күштерді аяқтан шалуға тырыспай-ақ, жұмыс істеп келгенін айта отырып, оған жарқын мысал ретінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының тіркелгенін алға тартқан.

Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар Алматы қаласында сәрсенбі күні болған жарылысқа да айрықша тоқталыпты. «Экспресс К» газеті аталған оқиғаға қатысты ішкі істер органдарының мәліметтеріне көңіл толмайтындығын айтыпты. Ресми органның «бұл ешқандайда теракт емес» дегенімен оқиғаның мән жайын олар нақты ашпағанын алға тартады мақала авторлары.

Ал, «Казахстанская правда» газетінің соңғы санында аталған жарылысқа қатысы бар деген күдікті адамның ұсталғандығы айтылған.
XS
SM
MD
LG