Accessibility links

Еурокомиссия Беларуссиямен қарым-қатынас туралы құжат қабылдады.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Еурокомиссия қабылдаған жаңа құжат бойынша Еуроодақ пен Беларуссия арасы кәзіргі беларус үкіметі билік басында тұра берер болса онда шамалы уақытта жақсармайтыны байқалады. Талдаушылар болса Еурокомиссияның бұл саясатынан беларус үкіметі емес, беларус халқы зардап шегеді дейді.

Еурокомиссия Еуроодақтың жаңа стратегиясын жасақтау үстінде. Бұл құжатта Александр Лукашенко тәрізді басшы тұрған кезде Беларуссиямен қарым-қатынастың оңды болмайтыны айтылады. Осынау стратегия Еуроодақтың маусым айында өткелі отырған саммитінде ресми түрде қабылдануға тиіс. Алайда, кейбір талдаушылар Еуроодақпен қарым-қатынастың нашарлауынан Лукашенко үкіметінің түгі де кетпейді. Зардап шексе беларус халқы ғана зардап шегеді деп біледі.

Брюсселде орналасқан Еуропа саясат зерттеу орталығының маманы Майкл Емерсонның пікірі:

"Бұл көзқарасты нақтылайтын мәлімдеме. Енді не істеу керек оны Беларуссия жағы шешеді. Бірақ меніңше Лукашенко өз саясатын өзгертеді дегенге ешкім сенбейді."

Алайда, Еуроодақ Лукашенко өзгермесе де Ероодақтың бұл стратегиясы беларус халқына әсер етуі мүмкін деп біледі Емерсон. Осы стратегияны белгілеу арқылы Еурокомиссия Беларуссияда Грузиямен Аджариядағы оқиғалар туындар деген үмітте дейді талдаушы. Алайда Ресей және Беларус талдаушылары болса Беларуссияда грузин сценарийі болады деп үміт етсе қателескені деп біледі.

Енді бұ жәйлі Минскіде орналасқан Әлеуметтік зерттеулер Институтының директоры Александр Сосновтың пікірі:

"Сіз Беларуссияны оқшауламауға тиіссіз! Сіз Еуропаның өз ішінде сүйкімі жоқ диктаторлық режимі бар феодалдық аймақ қалыптастырмауыңыз керек! Керісінше Еуроодақ , Беларуссияны ортағасырлық балшықтан алып шығу жолдарын іздестіруі керек."

Мәскеудегі халықаралық қарым-қатынастар институтының маманы Кирил Коктиштің пікірі болса төмендегідей:

"Жоқ. Бұ жаңа стратегиядан пайда жоқ. Бұл Беларуссияға бағытталған Еуропаның ескі саяси үлгісі. Оның мағнасы Лукашенко не істесе соны істей берсін, бірақ, Еуропа талабына келетін нәрсені істей берсін дегенге саяды"

Орыс талдаушысы Беларуссияда өзгерістер болсын десек ондай өзгерістер тек Еуроодақ Ресей Беларуссия ынтымақтастығының арқасында мүмкін деп біледі. Лукашенконы оқшаулау арқылы биліктен кетіре алмайсыз дейді. Әрине, Беларуссияны экономикалық оқшаулау арқылы тұралатып құлатып Лукашенконы да тақтан құлату мүмкін шығар. Бірақ оның Еуроодақ үшін де Ресей үшін де жаман жағы бар. Ондай жағдайда Еуроодақ пен Ресей қаптаған беларус босқындарының астында қалады дейді талдаушы.
XS
SM
MD
LG