Accessibility links

Түркия парламенті зайырлы әскерилердің наразылығын тудырған жоғарғы білім туралы даулы заң жобасын мақұлдады.


Заң жобасына сай, енді діни кәсіби-техникалық орта мектептердің шәкірттері университеттерге жеңілдетілген түрде түсе алады. Әскерилердің мәлімдеуінше, бұл жоба арқылы Исламның білімге ықпалы артып, түбінде ол үкіметке де, ықпал жасайды.

Ал, негізі діншіл үкімет болса, бұл Түркияның зайырлы бағытына зиян келтірмейді деуде. Аталмыш заң жобасына Түркия президенті Ахмет Неждет Сезер вето қойуы мүмкіндігі айтылуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG