Accessibility links

Адам хұқтары жөніндегі халықаралық топ кеше Ауғанстан түрмелеріндегі тұтқындарға АҚШ әскерилері Ирақтағы тәрізді қорлық пен қинау әрекеттерін жасаған деген айыптау жариялады.


Лондонда жарық көрген малімдемесінде аталған ұйымның мұндай келеңсіздіктер жөнінде өткен жылдан бері Америка шенеуніктерін бірнеше рет ескерткендіктері айтылған. Сондай-ақ түрмелердегі жағдайларды тергеп-тексерудің нәтижелерін жария етіп, айыптыларды сот алдына тарту керек жане тәуелсіз бақылаушылар да бұл шараларға қатыстырылуы қажет деп атап өтілген . Адам хұқтары ұйымы тұтқындарға қорлықтың қандай түрлері көрсетілетіндігі өздеріне белгілі екендігін ескертіп, 2003 жылдан бері Ауғанстандағы тұтқындар отырған абақтыларды барып көруге бірнеше мәрте өтініш білдіргендерімен де, АҚШ тарабынан оның бірде-біріне оң жауап болмағандығы да жазылған.
XS
SM
MD
LG