Accessibility links

Бүгін АҚШ президенті Дж. Буштың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолиза Райс Ирақ турасында және Израил мен Палестина жанжалы жөнінде келіссөздер өткізуге Ресей астанасына келеді.


Ол бүгін не ертең Ресей президенті Вл. Путинмен кездесуге тиісті. Олардың кездесуінде БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің Ирақ билігі оның өз қолына берілгеннен кейінгі уақыттағы Ирақтағы БҰҰ-ң атқарар ролін айқындайтын жаңа шешіміне негізінен көңіл аударылатын болады. Ресей БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесінің вето құзыры бар тұрақты мүшесі. Кондолиза Райс жексенбі күні Германия асатнасы Берлинге келіп, Германия басшыларымен де жүздеседі. Ол мұнда дүйсенбіде Палестина премьер-министрі Ахмед Куреймен кездесуге тиісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG