Accessibility links

Соңғы тәулікте Шешенстанда болған шайқастарда шешен жауынгерлері орыстардан және мәскеушіл шешен сақшыларынан 12 адамды атып өлтірген.


Шешен қауіпсіздік қызметінен хабарланғанындай, оңтүстік ауданда шешен сақшылары мінген көлік кеше дүйсенбіде минаға түсіп жарылған. Сол кезде оларға оқ жауылған. Оларға көмекке асыққан İшкі істер министрлігі қосыны мінген көлік екінші бір минаға жырылып, олар да, шабуыл астында қалған. Сонымен, деректерге қарағанда, орыстардан кемінде 11 адам және тағы да бір шешен сақшысы қаза тапқан. Кеше дүйсенбіде Шешенстан астанасында орыстардың әскери көлігі де минаға түсіп, олардың бір солдаты опат болып, екеуі жарақат алған. Ресейдің федералдық күштері Шешенстанда 1999-жылдың қыркүйегінен бері жікшілдермен соғыс жүргізіп келеді.
XS
SM
MD
LG