Accessibility links

“Табиғат” саяси-экологиялық партиясын құруға қадамдар жасалды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Болашақта Қазақстанда жаңа саяси партия – экологиялық “Табиғат” партиясы құрылатын болады. Бұл туралы Алматыда мамырдың 19-і күні “Табиғат” экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов мәлімдеді.

Мэлс Елеусізов “Табиғат” экологиялық одағын партияға айналдырудағы мақсатымыз – алдағы сайлауға түсу, депутат болу, саясатқа араласу, қоғамды демократияландыруға үлес қосу,- деді. -Бізде парламент, сот, үкімет бәрі бір. Олар жеке-жеке болу керек. Қазір үкіметтің басшылары бәрін басып отыр. Парламент дұрыс сайлану керек. Экономика бізде бірінші базис. Қазір экономикамыз құдайға шүкір көтеріліп келе жатыр. Экономикамыздың көтерілгені жер байлығының арқасы. Сол қазба байлықтарды біздер ысырап қып, оңды-солды сатып жатырмыз. Осыған тосқауыл қойылу керек. Мэлс Елеусізов мырза құрылғалы отырған экологиялық сипаттағы партияның қазірге нақты бағдарламасы жоқ. Бағдарламаны халықтың өзі жасайды. Біздің қазіргі басты жұмысымыз - қол жинау, партия ретінде тіркелу. Аз уақыт ішінде 50 мыңға жуық қол жинап, партия ретінде тіркелетінімізге сенімдімін,- деді. Қазақстандық саясаткерлер экологиялық сипаттағы жасылдардың партиясының құрылғанына қалай қарайды? Саясаткер Әміржан Қосанов жаңадан құрылғалы отырған саяси экологиялық партия жөнінде экология мен саясатты таразы басына тең қоюға келмейді, - дейді. -Шынайы саяси сипатты анықтаудың үш түрлі формуласы бар. Бірінші, елдегі саяси жүйені өзгертуге дайынсыз ба? Екінші, жаңа конституцияны қабылдауды қолдайсыз ба? Үшінші, қазіргі елдегі саяси репрессияны тоқтатуға ат салысасыз ба? Осы үш сауалға “иә” деп жауап алған жағдайда ол ұйым нағыз демократиялық күштердің өкілі болады. Бір ғана экологиямен қоғамды демократияландыру мәселесіне үлес қосамын деу өзін-өзі алдау. Мен экологияны кемсіткенім емес. Саясат деген нәрсе экологиядан да анағұрлым тереңірек, анағұрлым маңызды мәселе. Отан партиясы төрағасының кеңесшісі Болатхан Тайжан Қазақстанға экологиялық партия керек,- деп есептейді. -Қазақстан қазір экологиялық апаттың алдында тұр. Осы қиын мәселені шешетін болса неге қолдамасқа. Ал қатардағы қазақстандықтар бұл мәселеге қалай қарайды.? -Қажеті жоқ. Не бітіреді олар? Ағаштың бәрін қиып, үй салып тастады. Олар қарайтын ештеңе қалған жоқ. -Өз басым ешқандай партияға сенбеймін. Олардың мақсаты – депутат болу.
XS
SM
MD
LG