Accessibility links

Қазақстан “Байтерек” зымыран-ғарыштық жобасына 200 млн доллардың қаржысын бөлмекші

  • Досан БАЙМОЛДА

Бұл туралы мамырдың 19 ы күні Қазақстан үкіметінің басшысы Даниял Ахметов жұмыс сапарымен Байқоңырда болып сондағы ғарыш кешені жұмысымен танысқан кезінде мәлімдеді.

Д.Ахметовтың айтуынша Ресеймен бірлескен бұл жаңа жоба Қазақстанда жаңадан ақпарат технологиясының дамуына үлкен әсері болмақшы. Екінші жағынан алып қарағанда Қазақстан осындай ғарыш бағдарламалары мен жобаларына қатысуы арқылы ғарышты игеру ісінде өзінің де үлесі бар мемелекент екндігін көрсете алмақшы.

Қазақстан мен Ресей ғарыш саласында бірлесіп жұмыс істеуге өз араларында келісіп соның нәтижесінде екі ел президенттері өткен қаңтар айында келісім шартқа қол қойған болатын. Ресей алдағы уақытта экологиялық тұрғыдан алып қарағанда тиімді зымыран түрін жасағалы отыр. Экологияға өз уын шашатын гептил секілді отынды пайдаланатын «Протон» зымыранының орнына оттегі мен керосинді отын ретінде пайдаланатын экологиядық жағынан аса тйімді «Ангара» зымыранын жасай бастады. Қазақстан мен Ресей екеуінің келісімі бойынша бұл ресей зымыраны Байқоңырда, Қазақстан кұшімен салынатын жаңа ғарышытық алаңнан ұшырылған кезде оның аты «Байтерек» деп аталғалы отыр. Бұл жобаға Қазақстан үкіметі 200 млн доллардың қаржысын бөлуды жоспарлап отыр.

Жоба келесі 2005 ші жылдан бастап іске аса бастамақшы. Алайда Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Хайрат Шалабаев бұл жобаның коммерциялық жоба екендігін, яғни Қазақстан жобаға салған 200 млн долларын тез таба алуға мүмкін екндігін айтса мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов бұндай жобаның Қазақстан үшін тиімсіз екендігін, одан да бұл қаржыны әлеуметтік басқадай проблемаларды шешуге жұмсау керек деген пікір білдірді. Алайда Қазақстан үкіметі Қазақстанды «ғарыш державасына» айналдыру мақсатына шындап кірісетін түрі бар.
XS
SM
MD
LG