Accessibility links

Өзбекстан үкіметі демократиялық оппозицияны талқандап жатыр


Оппозициялық веб-сайттың пайымдауынша, Хұснұддин Назаров қамауда болса керек. Ал бұл жағдайлардың Қазақстанға қатысы бар, қайткенде бір шеті тиіп тұр. "Франс Пресс" агенттігі сейсенбі күнгі хабарында Хұснұддин Назаровтың әкесі Обидхон Назаров 1998-ші жылдан бері иә Қазақстанда, иә Иранда жан сауғалап жүр деп жазады. "Франс Пресс" Обидхон Назаров елге танымал діндәр болды, Тәшкенттегі Тоқтабой мешітіндегі оның жұма намаздарына халық үнемі өте көп жиналатын. Тіпті Обидхон Назаровтың айтқан уағыздары аудиотаспаларға жазылып, ел ішінде кеңінен тарайтын.

Енді міне, бес жылдан бері хабар-ошарсыз кеткен Обидхон имамның баласы Хұснұддин Назаров жоғалды. Хұснұддин Назаров жақында батыс газеттеріне сұхбат беріп, Өзбекстан үкіметінің саясатын сынаған, көкек айындағы жарылыстарды үкімет оппозицияны құрту үшін әдейі ұйымдастырды деп пікір танытты. Хұснұддиннің шешесі Мұнира Насриддинова "Франс Пресс" агенттігіне айтқандай, Хұснұддин дүйсенбі күні кешке достарымен жолығуға Ташкенттегі үйінен шығып кетті де сол бойы жоқ боп кетті.

Өзбекстан үкіметі қамалып жатқан демократиялық күрескерлерге қылмыстық айыптарды тағып жатыр. Наманган облысында тұратын "Ерік" партиясы жетекшілерінің бірі Гуломжон Холматов қамалмай тұрып "Азаттық" радиосының Өзбек редакциясына сұхбат беріп, полиция маған көкнар өсіріп отырсың деген айып тақты деді:

- Олар ештеңе таба алмады, заң бұздың деген айыпты дәлелдей алмады. Олар айыпты алып тастаймыз не болмаса заңсыз түрде есірткі ұстап отырсың деп айыптаймыз деп айта алмай отыр. Бас прокуратура мені ұстасын деген бұйрық шығарыпты.

"Ерік" партиясының жетекшісі Атаназар Арифов партиямыздың екі белсендісі таяуда қамаласыңдар деп сенімді адамдардан ескерту алды дейді. Наманганда "Бірлік" партиясының белсендісі Мұхамаддали Қорабаев тұтқындалды, ол бұзақылық жасады деп айыпталды. Қорабаевтың адвокаты Рухиддин Комилов қаңтар айында болған төбелес арандатудың салдарынан шыққан дейді. Жизақ облысында "Бірлік" партиясының белсендісі Мұхиддин Құрбанов осындай қауіпке тап болып отыр, дейді адвокат Рухиддин Комилов. Құқыққорғаушы Собитхон Ұстабаев Мұхамаддали Қорабаевтың тұтқындалуы - Өзбекстанда құғын-сүргіннің басталған жаңа науқанның бір қане көрінісі дейді:

- Мұхамаддали Қорабаевтың қамауға алынғаны – бұл демократиялық ойдағы азаматтарды, оппозицияны қорқытуға бағытталған үкімет саясаты.
XS
SM
MD
LG