Accessibility links

Израиль әскерлері Ғаза жолағында болған шабуыл кезінде тағы да 5 палестин азаматын мерт етті. Бұл жағдайға орай халықаралық қауымдастық Израильді сынауда.


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі ол уақиғаға орай шешім шығарып, Израильдан Ғаза жолағындағы палестин үйлерін қиратуды тоқтатуды талап етіп отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Израильдің бұл тірліктері аймақтық мәселелерді ұшықтырып жіберді, дейді.

- Меніңше, Израиль қорғаныс күштерінің соңғы күндердегі ол іс-әрекеттері аймақтық жағдайды нашарлатты. Сондықтан, бейбітшілік үдерісіне қайта оралу қыйындай түсті, - деген Колин Пауел.

Бүгіннің өзінде Палестин қауіпсіздік қызметі және күәлардың мәліметтеріне қарағанда, Израилдың Рафах босқындары лагеріне жасаған зымыран шабуылынан кемінде 3 палестиндық қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG