Accessibility links

Түркия полициясы Стамбұлдағы Макдональдс мейрамханасының кіре-берісінде автокөлікке орнатылған бомбаның жарылысын зерттеуде.


Бейсенбі күні мейрамхананың автотұрағында болған жарылыстан кем дегенде бір автокөлік жарылып, басқа бірнеше көлікке нұқсан келді. Адам қазасы туралы хабар жоқ. Полицияның болжауынша, бомба автокөліктің не ішіне, не астына қойылған болса керек. Ол жарылысты әзірше ешкім өз жауапкерлігіне алмай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG