Accessibility links

Биылғы жылы экономист және заңгер мамандығына мемлекеттік тапсырыс бөлінбейді


Биылғы жылы заңгерлік және экономист мамандығын таңдайтын мектеп түлектері білім алудың несиелік жүйесіне ғана бақ сынай алады. Бұған Білім және ғылым министрлігінің аталған мамандыққа грант бөлмейтіні себеп болып отыр. Білім және Ғылым министрі Жақсыбек Құлекеевтің айтуына қарағанда мемлекеттік грант бөлуде биылғы жылы техникалық және педагог мамандықтарына басым көңіл бөлінбек. Себебі Қазақстандағы жоғары оқу орындарының дені заңгер мен экономист мамандығына оқытады.

Ал, мемлекеттік гранттың көлемі 15 мың. Сондай-ақ, ол мемлекеттік грантты сапалы білім беретін жағдайы бар жоғары оқу орындарына беру керек деген пікірде.

-Жоғары оқу орындарының көпшілігі студенттерді кез-келген мамандық бойынша қабылдағанмен, бірінші-екінші курстан соң студенттердің мамандықтарын өзгертулеріне ұсыныс жасайды. Грантпен оқуға түскен студенттердің 30 пайызы мамандықтарын ауыстыруға мәжбүр болады. Нәтижесінде мемлекет тапсырыс берген мамандықтарға кадрлер дайындалмайды, дейді Құлекеев.

Сенат депутаты Асқар Қожағалиев, оқу орындары сауатсыз студенттерді дайындап жатыр деп сынаймыз. Алайда, олардың барлығының беретін дипломы мемлекеттік үлгіде. Қазақстанның Елтаңбасы бар. Жоғары оқу орындары өз үлгілерімен дипломдарын берсе деген пікірін ортаға салды.

Министр Құлекеев, Қазақстан жоғары оқу орыны берген диплом Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде ғана емес шетелдерде де мойындалуы керек деп есептейді. Қсазақстандық жоғары оқу орындары мемлекеттік аккредитациядан өтеді. Алайда, министр бұдан басқа тәуелсіз акредитация жасайтын орган құрылуы қажет деп есептейді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жоғары оқу орындары халықаралық аккредитациядан өтуге дайындық үстінде. Ал, бір мамандық бойынша халықарылақ аккредитациядан өту кем дегенде 100 мың доллар тұрады дейді.

Министрлік «Білім туралы» заңға бірқатар өзгертулер ұсынып отыр. Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова, халықаралық жарыстардың үздіктерін кешенді тестіден өткізуді қажеті жоқ деп есептейді. Оның айтуынша, Степногрск қаласының мектеп түлектері Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқымайды. Томск, Новосібір және басқа жақтардан келушілер студенттерді жинай бастайды. Мұндай жағдайда балаларға Қазақстанның оқу орындарына түсіп қажеті шамалы. Кейін қайтып келмейді. Сондықтанда үздіктердің Қазақстанда оқуына қызғушылық тудыру керек. Өз қолымызбен шетке шығармайық дейді. Министрлік бұнымен келісіп отыр.

Ресми деректерге қарағанда биылғы жылы 230 мың бала мектеп бітіреді. Түлектердің сынақ тапсырар күні алыс емес. Десе де «Білім туралы» заңға біріңғай ұлттық тест тапсыру және басқа да өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірге парламент қарауында жатыр.
XS
SM
MD
LG