Accessibility links

Хизбут Тахрир діни ұйымының мүшелері үстінен сот тыңдауы жалғасты

  • Досан БАЙМОЛДА

Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы діни экстремизм мәселесімен айналысып жүрген сарапшылардың айтуларынша 2003 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік аймақтарында «Хизбут Тахрир» атты діни ұйымның іс әрекеттері күшейе түскен. Кейбір мәліметтер бойынша бұл ұйым өз қатарына көбінесе 23-25 жас арасындағы жастарды көбірек тартуға ынталы көрінеді.

2003 жылдың алғашқы жарты жылында Хизбут Тахрир ұйымы өз жұмысын негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Алматы облысы көлемінде жүргізіп келді.

ҰҚКомитеті мен ІІМинистрлігі осы обылыс көлемінде Хизбут Тахрир діни ұйымының ілімін насихаттап жүрген 10 шақты азаматты ұстап , олардың жанынан 760 үнпарақтарды тәркілеген. Соңғы кезде Хизбут Тахрир діни ұйымы өз іс әрекеттерін Қазақстанның басқадай облыстарында яғни Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жүргізе бастады. Соның бір дәлелі 2003 жылы қараша айында Павлодар қаласындағы Мәшхүр Жүсіп атындағы орталық мешітте Хизбут Тахрир ұйымының үнпарақтарын таратқаны үшін айыпталып, қамауға алынған екі азамат 29 жастағы Арман Қамзин және 22 жастағы Руслан Гинатуллиндердің ісі болмақшы. Осы екі азамат үстінен осы мамырдың 18 і күні басталған сот тыңдауы мамырдың 21 і күні жалғасып жүрілді.

Осы сот тыңдауына қатысқан біздің Павлодардағы тілішіміз Есенбек Санатұлының айтуынша жұмы күнгі сот жұмысы түстен кейін сағат 15.00 де басталып небәрі 2 сағат уақыт жалғасқан. Сот тыңдауында жазалаушы жақтан 3 куәгер ал ақтаушы жақтан 3 куәгер барлығы 6 куәгер тыңдалып олар сот мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріскен. Сот жұмысы мамырдың 24 і күні одан әрі жалғасатын болды.
XS
SM
MD
LG