Accessibility links

Алматы облысының Заречный елді мекеніндегі ЛА 155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер наразылық білдірді

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Мамыр айының 21 күні Алматы облысының Заречный елді мекеніндегі ЛА 155/8 түзету мекемесінде екі күннен бері тұтқындардың әкімшілікке қарсы наразылық білдіріп, бағынудан бас тартып жатқаны туралы ақпарат мәлім болды.

Орын алған оқиғаның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында ҚР Әділет министрлігінің түзеу жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен облысы бойынша басқармасына хабарласқан едік. Аталған бақарманың өз атын айтудан бас тартқан қызметкері Алматы облысының Заречный елді мекеніндегі ЛА 155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің наразылық білдіріп, бас көтеріп жатқандығын жоққа шығара алмайтынын, ҚР Әділет министрлігінің түзету жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен облысы бойынша басқарма бастығы Ерғали Тілендіұлы Сағалбаевтың Заречный елді мекеніндегі түзету мекемесінде орын алған оқиғаға байланысты тексеру комиссиясымен жұмыс істеп жатқандығын айтты.

-Қазір бұл мәселеге жауап беретін жетекшілер қазір жоқ. Сағалбаев Ерғали Тілендіұлы мен оның орынбасары Ербол Сариев мырзалар бәрі сонда. Аталған басқарма қызметкері оқиға толық зерттелмегендіктен, бастықтардың арнайы рұқсаты болмағандықтан толығырақ мәліметті айта алмайтындығын жеткізді.

-Кез-келген рұқсат етілмеген мәселені айтсаң жауапқа тарыласың ғой. Оның үстіне журналистер бір нәрсе болса жандарынан қосып, көбейтіп жібереді.

Осы орын алған оқиғаға байланысты Халықаралық Адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау бюросы директорының орынбасары Жеміс Тұрмағанбетоваға хабарласқан едік.

Жеміс Тұрмағанбетова ханым осындай жалған мәліметті қайдан аласыңдар, ол жерде ештеңеде болғпн жоқ, мені осындай әңгімеден шаршадым,- деп өзімізге дүрсе қоя берді.



-Айтшы қарағым, бұл мәліметті қайдан алдың? Ол жақта ешқандай наразылық та, ештеңе де болған жоқ. Түсінесің бе, ештеңеде болған жоқ. Бейресми дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, Алматы облысының Заречный елді мекеніндегі ЛА 155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің түрме әкімшілігіне қарсы, бағынудан бас тартып, наразылық білдірулеріне Арқалықтағы түрменің бұрынғы басшыларының бірі осы аталған түзету мекемесі бастығының орынбасары болып, ауысып келуі себеп болған. Наразылық білдірушілер арасында 10 шақты адам өздеріне қол жұмсап, іштерінде ауыр жарақаттанғандары да бар. Қазақстандық теле арналардың сырт жақтан түсіріп таратқан мәліметтері бойынша ЛА155/8 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілердің толқуын басу үшін мекеме ішіне әскери техникалық күштер мен қосымша әскерлер кіргізіліп наразылықты басу шаралары атқарылып жатқаны мәлім болып отыр.
XS
SM
MD
LG