Accessibility links

Украиналық оппозициялық ақапарат бұлағы қысым астында..


Украиналық оппозициялық ақапарат бұлағы "Украинская правда" интернет басылымының сарашыларының айтуынша, президент сайлауларының алдында президент әкімшілігінің жетекшісі олардың жұмысын тоқтатып немесе жауып тастауға тырысып бағуда.

Украинаның санаулы ғана БАҚ-дары болмаса, көпшілігі үкімет қадағалауы астында немесе, ел басшылығын сынаудан қорқады.

"Украинская правда" интернет басылымы болса ерекше орын алады, оның сарашысы Георгий Гонгадзе Украина президенті Леонид Кучма әкімшілігіндегі және үкіметтегі коррупцияны ашық сынағандығы үшін 4 жыл бұрын өлтірілді деп есептеледі. Енді аталмыш интернет басылымының шағымдануынша, президент әкімшілігі басылымды жабу мақсатында сотқа арыз берген екі айып берушінің артында тұр. Гонгадзенің өлімінен кейін де, "Украинская правда" күн сайын үкімет ұлықтарының келеңсіз тірліктерін сынайтын мақалалар жариялап келеді.

Қазір, "Украинская правда" үстінен сотқа арыз берген екі айып беруші, қаржылай шығымдармен қоса, басылымның құрал жабдықтарын тәркілеп, банктегі есеп шоттарын тоқтатуды талап етіп отыр, бұл уақытша болсада басылымның жұмысын тоқтатқан болар еді. Арыз берушінің бірі Валерий Воротник, ол Украинаның Социал Демократиялық партиясының басшысының орынбасарының кеңесшісі. Бұл партияны Кучма әкімшілігінің жетекшісі Виктор Медведчук басқарады.

Екінші арыз беруші Мария Самбур, адвокат, ол, бір кездері Тәуелсіз БАҚ Институтында жұмыс жасап, Гонгадзенің ісіне етене араласып, Кучманы адам өлімінде айыптаған қылмыстық істе маңызды куәгердің өлерінің алдында қалдырған хатын өткен жылы жариялап еді. Игорь Гончаров есімді күәгер, сақшы кеңсесінде көз жұмып, оның мәйітін дәргерлерге ашуға ұрықсат берілмеген күйде ол жерленіп еді. "Украинская правда" Самбурды Кучманы ақтап алу мақсатында хаттың бірнеше жерін алып тастағанда айыптауда. Сондай-ақ, басылым Самбур, мен Воротник әкімшілік басшысы Медведчуктың тапсырмасымен Батыс радиобекеттері Би-би-си, Неміс толқыны және Азаттық радиосының хабарларын таратушы украин радибекетінің басшысы Сергей Шолохты бұдан бас тартқызу әрекетіне қатысты. Қыспаққа ұшыраған Шолохтың құрал жабдықтарын сақшылар тәркілеп, ал, өмірі үшін қауіптенген Шлохтың өзі шет елге бас сауғалап кетуге мәжбүр болды.

Самбурдың айтуынша, онымен Воротқа "Украинская правда" өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік бермеген. Ол, Гончаровтың хатын украин омбудсмені мен Парламент комитеті көргендігін және олардың оның мағынасы бойынша, куә бола алатындығын айтуда:

"Олардың бірде біреуі, мен көрсеткен хаттарда бір нәрсе ескерілмей қалды,- деп мәлімдей алмайды."

"Украинская правда"-ның айтуынша, тәуелсіз БАҚ-ын қорғаушы болып жұмыс жасаған Самбур сынды адамның сотқа жүгінбей мәселені өз ара шешіп алмауы қызық деуде. Бұған Самбур былайша жауап қайтарды:

"Мәселе мынада : конституция адамдарға құқық береді және ол бұзылса онда кісі соттарға жүгінеді. "Украинская правда"-ның пайымдауынша, мен ақпарат құралдарының құқықтарын қорғайтын ұйымға жұмыс жасадым. Жақсы, мен адвокат болғандықтан үнемі құқығы бұзылған адамның құқықтарын қорғаймын. Және мен оны қазірді атқарып жатырмын, өйткені ол менің кәсібім."

"Украинская правда"-ның тілшісі Сергей Лещенконың айтуынша, бұл сотқа шағым берудің бірінші мақсаты ол кейбір саяси күштер мен скандалға былыққан саяси тұлғаларды ағартып алу. 052063 " Екінші мақсат ол, 20 мың хривна немесе, 3 мың 800 доллардың қаржылық өтемақысы түріндегі талап арқылы және біздің есеп шотымыздығы қаржыларды және меншіктегі мүлікті тәркілеу арқылы "Украинская правда"-ға қиындықтар мен тосқауылдар тудыру. Бұның бәрі өзі айтып тұр. Және егер, сот бұл талаптарға келіссе, онда жақын болашақта "Украинская правда"-ның жарық көруіне қиыншылықтар бар."

Лещенконың айтуынша, "Украинская правда" жарық көре береді, бірақ дейді ол, егер компьютерлермен өзгеде құрал-жабдықтар тәркіленсе онда қиыншылықтар туындауы мүмкін.

"Әлемдегі қазіргі байланыс саласында шынайы түрде интернет парақшасын жабу мүмкін емес. Бірақ, егер біз, балама технологиялық мүмкіндіктерді қарастырар болсақ, бұл қол байлау болар еді. Бұл біздің журналистік жұмысымызға қажетті материалдар жинау ісінен назарды басқа жаққа бұрған болар еді."-дейді Лещенко.
XS
SM
MD
LG