Accessibility links

Ялтадағы біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекет басшыларының басқосуын кейбір сарапшылар Ресейдің саяси шарасы ретінде бағалап отыр.

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Ялтада біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекет басшыларының кеңесі өтіп жатқан тұста осы басқосу турасында қазақстандық эконмика саласының ғалымдары мен саясаттанушы мамандардың көзқарастары әр алуан болып отыр. Бірі бұл экономикалық байланыстардың шеңберін кеңейту десе, қайбір сарапшылар мұны Ресейдің аймақтағы ықпалын күшейтуі деп бағалап отыр. Осы ретте біз аталған жайтқа орай ғалымдар мен саясаттанушылардың пікірін білген едік.

Ялтада өтіп жатқан біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекет басшылары кеңесінің бұл жолы да жаңалығы шамалы болып отыр дейді қазақстандық кейбір саясаттанушылар. «Спектр» сараптамалық орталығының қызметкері Болат Тілепов жалпы бұл жобаның келешегінің күңгірттігін былайша түсіндіреді:

-Ресей соңғы кезде сыртқы саясатында біраз сәтсіз қадамдар жасады деуге болады. Соның бірі Аджарияның Грузияға өтуі. Бұл мәселеден кейін кейбір сарапшылар аталған біртұтас экономикалық қауымдастықтың болашағы жоқ деп болжам жасады. Әрине мұның жаны бар себебі, бұл жердегі басты мүдде Қазақстан мен Қырғыстанда болып отыр. Ал, Ресей мен Белорусия ешқандайда бұл ретте экономикалық мүдделілік танытып отырған жоқ.

Алайда, ҰҒА академигі, экономист- ғалым Аманжол Қошанов бұл жобаның енді ғана жүзеге асуына алғышарттар қаланды деген пікірде.

Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиев бұл Ресейдің аймақтағы өз ықпалын күшейтуге жасаған қадамы екенін айтады. Президент Путин екінші сайлауында сыртқы саясатқа қатты көңіл бөліп, ірі державаларға деген Ресейдің империялық көзқарасын батыл көрсете бастайды дейді ол.

Дегнменде, мұндай пікімен әсіресе, бұл жобада Қазақстан өз тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп алады деген оймен келіспейтін эконмист-ғалым Сұлтан Нысанбаев жобаның экономикалық тиімділігі зор дейді.
XS
SM
MD
LG