Accessibility links

Астанада қоршаған орта және даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының бесінші отырысы өтуде

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Мамырдың 25-і күні Астанада тұңғыш рет қоршаған орта және даму жөніндегі Азия- Тынық мұхиты форумының басқосуы өтті. Екі күндік форум барысында Киото хаттамасын және Арал теңізіне қатысты хаттамаларды бекіту мәселесі де талқыланбақ.

Аталған форумның төрағасы Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Рютаро Хашимотоның айтуынша, Арал мәселесі аталған құрылымның назарында көптен бері тұр. Бұл арада Арал теңізі маңайына өсімдіктер егу арқылы құм көшкінін болдырмау дейді.

Осы мәселеге байланысты қолдағы бар материалдарымды Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрінің назарына ұсындым деді ол. Ал, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Нұрлан Ысқақовтың айтуынша, бұл жолғы форумда үш мәселе қаралмақ.

«Нақты қаралатын жағдай су мәселесі. Бұл тек Қазақстанға ғана емес Орта Азияға тән мәселе. Су тапшылығын бірлесіп қарастыру. Екінші мәселе ол - Арал теңізі проблемасы. Бұл мәселе бойынша заң жағынан да өзгерістер қаралып жатыр. Сондай-ақ Бірккен Ұлттар Ұйымында да сондай мәселе көтеріліп жатыр. Үшіншіден, Азия-Тынық мұхиты форумының Орта Азия, Қазақстандағы бөлімшесінің жұмысын бастап, ашылуы,» - дейді қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары.

Қазақстан жағырапиялық жағынан Еуропамен Азияның шегінде жатқандықтан бұрындары негізінен Еуропада өтетін форумдарға қатысып келсе, бұдан былай Азия Тынық мұхиты өңірінде болып жатқан қоршаған орта мәселелеріне көп көңіл аударатын болады, дейді Ысқақов мырза.

«Бұл бесінші отырыс. Үлкен құжат қабылданады. Азия мен Тынық мұхиттағы мәселе емес сондағы Орта Азия мен Қазақстандағы экологиялық сараптаманы бірінше рет қарастырайын деп отыр. Орта Азия мен Қазақстан бұл форумның жұмысында бұрын әйгілі болмаған. Көптеген қазіргі біздің жағдайларымызды білмеген. Бұл форумның мақсаты сараптау емес, бастапқы мәселесі соны сараптап отырып, қаржы және басқа да жақтарынан көмек беру» дейді Нұрлан Ысқақов.

Астанада өтіп жатқан бұл форум Қазақстанның арнайы жобаларды іске асыруын жеделтеуге сеп болады дейді мамандар.

Қазақстан Киото хатттамасына 1999 жылы қосылған болатын. Хатамма күшіне ену үшін ауаны ластаушы заттардың 55 пайызын шығаратын мемлекеттер қол қойып бекітуге тиіс екен.
XS
SM
MD
LG