Accessibility links

Буш американдықтарды өзінің Ирақтағы әрекетеріне сендіруге тырысып отыр.


АҚШ президенті Джордж Буш-тың соңғы мәлімдемесін Ирақтың болашағына байланысты басты түйін, -деп Ақ үй жариялады. Жалғасып жатқан қан төгістерге қарамастан Буш мүмкіндікті пайдаланып Ирақты қалпына келтіріп және тұрақты демократияны орнату жоспарына тоқталды.

АҚШ президенті Джордж Буш дүйсенбі күні Пенсильвания штатының Кариул Әскери Коледжнде сөйлеген сөзінде былай деді:

"30-ы маусым күні Коалициялық Уақытша Өкімет өз қызметін тоқтатады және ол ауыстырылмайды. Басып алу тоқтайды және ирақтықтар өздерін өздері басқарады."

Буш, ирақтық жауынгерлер билікті беруге қарсылық танытулары мүмкіндігіне тоқталып, олардың бұл әрекеттері сәтсіздікке әкелетіндігін айтты : " Лаңкестер Ирақтың лаңкестікпен соғыстың басты майданы екендігін біледі және бізде бұны ұғынуымыз керек. Ираққа зорлықшыл биліктің оралуы лаңкестіктің оразан зор жеңісі болып және ол адам өлтірушілерді қуанышқа бөлеген болар еді."

Буштың айтуынша, 30-ы маусым күні билік берілгенімен Ирақтағы АҚШ қолы қазіргі 138 мың көлемінде қала береді, бұл қажеттілік. Буштың айтуынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа шешімдерін іске асырушы халықаралық күштер американдық қосындардың басшылығында жұмыс атқарады.

Буш, Ирақта демократия мен еркіндікке қол жеткізуге көмек ретінде бес қадамды аттады:

"Біз, билікті жоғарғы ирақтық үкіметке береміз, қауіпсіздік сақтауға көмектесеміз, Ирақ инфрақұрлымын қалпына келтіруді жалғастыру, халықаралық қолдауды ынталандыру және ұлтық таңдауға қолдау көрсету, ол өз кезегінде ирақтықтар таңдаған жаңа басшыларды шығарады."

Қараша айында Бушпен президентік сайлауға түсетін Демократ Сенатор Джон Керридің айтуынша, ол Буштың мәлімдемесінен көп жаңалықты көре алмаған және ол президенті өз сөзін іске асыру жағына назар аударуға шақырды. Керридің айтуынша, Буш, "біздің одақтастарға қайрылуы керек, Құрама Штаттар жалғыз өзі әрекет етпеуі тиіс және тұрақтылық орнатып ирақтықтарға алға жылжуға мүмкіндік берілуі керек."

Ирақтың Абу Ғрайып абақтасындағы ирақтық тұтқындарды қорлаулар Ирақтағы АҚШ әрекеттеріне орасан зиянын келтірді.

АҚШ-тағы халықтың пікірн сұрастыруларға сай, Буш әкімшілігінің Ирақтағы саясатына сенім тым төмен, Буштың өз беделінің өлшеміне де, оның ықпалы күшті. Си-Би-Эс Ньюстың жүргізген сауалнамасына қарағанда 41 пайыз американдық Буш атқарып отрған жұмысты қолдайды. Ал, 52 пайыз қолдамайды. 2003-і жылдың наурызында Ирақ жорығы басталған кезден бері 800 дей АҚШ сарбазы мерт болды.
XS
SM
MD
LG