Accessibility links

Freedom House-тың айтуынша, бұрынғы коммунистік елдердің шығыста жатқан бөлігі реформалардан тыс қалып отыр.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

АҚШ-та орналасқан Freedom House демократияны қолдау тобы ондаған жылдардан бері бұрынғы коммунистік әлемдегі демократияның жағдайына аранлған зертеулерінің жылдық есебі биылда жарық көрді. Freedom House-тың айтуынша, Еуро одақтың шығысқа қарай қанат жайуымен, бұрынғы коммунистік елдердің шығыста жатқан бөлігі реформалардан тыс қалып отыр.

Дүйсенбі күні Нью-Йоркте Freedom House-тың "Өтпелі кезең елдері-2004" жылдық есебі жарық көрді. Хабарландыруда 1-і мамырдан Еуроодақтың кеңейуімен Орталық Еуропа мен Балтық елдеріндегі тұрақты демократия орнаған елдер мен шығыста орналасқан бұрынғы совет одағының құрамында болған елдер арасында "жаңа айырмашылықтар" байқалады.

Freedom House-тың Будапештегі кеңсесін басқаратын Кристи Эвенсонның айтуынша, бұл жылдық есеп 10 жылдан бері жалғасып келе жатқан зерттеудің жалғасы : " Өтпелі кезең елдері Орталық және Оңтүстік шығыс Еуропа мен Еуразия аймақтарындағы тұрақты өзгерістерді бақылап үйрену үстінде. Зертеу саяси дамудың негізгі бағыт бағдарымен методологиялық немесе құрылымдық негізін қамтиды. БАҚ-дарынан бастан сайлаулардың еркін және әділ болуларын, әртүрлі сот реформалар, тағысын тағылар. Зертеу демократияға өтудегі реформалардың жеткілікті не жеткіліксіз мөлшерде жүріп жатқандығын анықтауға жақсы мүмкіндік береді."

Эвенсон жүгінетін демократияны анықтау тәсілі бірден жетіге дейінгі өлшемге сыяды. Демократияның орташа деңгейін Freedom House, әр бір елдегі сайлау үдерісін бақылап, азаматтық қоғам, тәуелсіз БАҚ-дары, басқару жүйесі, коррупцияның деңгейі және құқықтық талаптар ескеріледі. 1 демократия мейлінше дамыған елге берілсе, 7-і керісінше ең төменгі көрсеткішті білдіреді.

Эвенсонның айтуынша, көпшілік бұрынғы советтік елдерде демократиялық реформалардан кері кетушілік байқалады:

"Freedom House, зертеу барысында Балтық бойына кірмейтін бұрынғы советтік елдердің кері кеткендігін анықтап отыр. Ресей өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе төмендеген, Әзірбайжан, Молдова және Украинада айтарлықтай төмендеген. Кейбір АҚШ-тың белді одақтастарын қосқанда күллі Орталық Азия аймағында көрсеткіштер тым төмен күйде. Өтпелі кезең елдері есебінің сарашысы Аманда Шнетзердың айтуынша, өткен жылы кейбір жарқ етулер болды, мәселен Грузия. Ал, Балтық бойына кірмейтін бұрынғы советтік елдер үшін демократияның тез орнауы күмәнді."

Берілген анықтамаға сай, демократияның деңгейі бойынша Грузия ең жоғарғы 4.83 көрсеткішін алса, Молдова мен Украина 4.88-ден, Армения 5.00, Ресей 5.25, Әзірбайжанда 5.63, Қырғызстан 5.67, Тәжікістан 5.71, Қазақстан 6.25, Өзбекістан 6.46, Белорусия 6.54, ал ең соңғы ұятты орында Түркіменістан 6.88 демократия көрсеткішімен иеленді.

Қазақстан 6.25 деген бағаны тәуелсіз БАҚ-ның қудалануымен және коррупцияның кең етек жайуымен "Өтпелі кезең елдері-2004" зертеуінде тек, Өзбекістан, Белорусия және Түркменістаның алдында тұр. Қырықүйекте өткен жергіліткі кеңестерге сайлау барысында режим өзіне қажетті үміткерлерді өткізу арқылы, 2004-і жылы парламентің төменгі шатырындада өзіне қолайлы жағдай тудырып отыр. Үкімет, үкіметтік емес ұйымдарды нақты анықтап олардың шет елдік көмек алуына шектеу қоятын заң жобасын алғанымен де, 2003-і жылы азаматтық салада елеулі алға басушылықтар болған жоқ.

Үкімет белгілі журналист Сергей Дувановты толық босатпай, тек үй қамауына ауыстырды. Қазақстаның Демократиялық таңдау Халықтық партиясының көсемі Ғалымжан Жақиянов әлі қамауда отыр. Президент Назарбаев пен оның отбасы мүшелері мен жақын-жуығы билік пен экономиканың барлық салаларын әлі күнге дейін өз бақылауында ұстап отыр,-дейді Freedom House өзінің жылдық есебінде.
XS
SM
MD
LG