Accessibility links

Ирақ бойынша АҚШ мен Британия көзқарастарында алшақтық пайда болды.


30 маусымнан кейін билікті қолға алатын Ирақ уақытша үкіметі қандай билікке ие болуы керек деген мәселеге келгенде АҚШ мен Британия ортақ тіл таба алмай отыр. Британия үкімет басы Тони Блэйр Ирақ уақытша үкіметі саяси шешімді өзі жасау керек деп білсе АҚШ жағы Ирақтағы АҚШ әскері өздерін қорғау үшін өздері шешім қабылдайды деп біледі. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел:

"АҚШ әскері АҚШ қоластында болады, және өздерін қорғау жолында қандай әрекет қажет деп тапса соны істейді" деді. Ал, АҚШ тағайындаған Ирақтың Басқарушы кеңесінің мүшесі Аднан Пачачи болса БИ БИ СИ радиосына берген интервьюінде Ирақтағы әскери қимылдардың барлығы Ирақ үкіметінің ғұзырында болуы керек деді.
XS
SM
MD
LG