Accessibility links

Өзбек басшылары елдегі оппозициялық партияларды “шет елдерден көмек алады”, деп айыптап отыр.


Өзбекстандағы оппозициялық партиялар тағы жаңа кедергілерге душар болуда. Ол партияларға көмек көрсетіп келе жатқан шетелдік ұйымдарға Өзбек өкіметі “бұл көмектер-заңсыз” деп ескерту жасап отыр. Тіркеуден өтпеген партияларға көрсетіліп жатқан көмектерді өзбек басшылары көптен бері жіті қадағалауда. Дүниеге келгендеріне 10 жылдан аса уақыт өтсе де, Ерік Демократиялық партиясы және Бірлік қозғалысы тіркеуден өткен емес. Тіркелмеген мұндай партияларға шетелдік ұйымдар тарапынан көмектің көрсетілуіне, Өзбек заңдары бойынша, тиым салынған. Әділет министрі Абдусамат Полвонзаде өз сөзінде осы ойды дәлелдей түсуде. Өзбек ресми өкілдерінің пікірінше, Ерік, Бірлік және Азат Диқан партияларына көмек беруші шетелдік ұйымдар да айыпты саналмақ.

Бұл ел басшыларының осыншалықты айыптап отырған көмектері қаржылай да көмек емес. Ол тек аталған партияларға көрсетіліп жатқан ақыл беру, жаттықтыру көмектері ғана. “Демократиялық дамулар, жұмсақтай айтқанда, шектеліп отырған Өзбекстан сияқты мемлекетте оппозициялық партиялардың қалай тіршілік етіп, заңды түрде тіркеуден өтуіне болады?”- деген сауалдар төңірегінде шетелдік ұйымдар ақыл беру көмектерін ұсынып келеді. Осы елдің саяси талдаушысы Баходир Мұсаевтің пікірінше, Ерік жане Бірлік партиялары сайлауларға табысты түрде қатысуы мүмкін деген жорамалдан-ақ Өзбек басшыларының ұйқысы қашып отыр. Әділет министрінің шет елдік ұйымдар дегенде мегзеп отырғаны- АҚШ-тың халықаралық істер бойынша Ұлттық демократиялық институты және Халықаралық Республикалық институт болуда. Бұл қос ұйым да Өзбекстандағы Ерік, Бірлік, Азат Диқан партияларының заңды түрде тіркелуіне көмектесуге ұмтылып қана қоймай, бұл партиялар төңірегінде туындап келе жатқан қиындықтар жөнінде халықаралық қауымдастықты ұдайы хабардар етіп келеді.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Ерік партиясының басшысы Атаназар Арипов те, Бірлік қозғалысының бас хатшысы Василия Иноятова да демократиялық қалыптар сақталмаған едлегі тіркелу қиындықтарына тоқталып өткен.

Оппозиция өкілдерінің айтуынша, Өзбек басшылары “Грузия сценарийі” деген идеядан қатты шошулы. Сондықтан да, сайлауға дейін-ақ елдегі оппозициялық партиялардың халықаралық ұйымдармен байланысын үзуге барынша тырысып бағуда.
XS
SM
MD
LG