Accessibility links

Ғалымжан Жақияновтың босатылуын қолдайтын қазақстандықтардың саны жарты миллионнан асып отыр

  • Гүлмира ХАМЗА

Мамырдың 26 күні «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партия Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дутпаевпен және оның бірінші орынбасары Қозы Көрпеш Қарбузовты қызметінен босату керек, деген ұсыныс жасады. Демократтардың пайымдауынша, Нартай Дутпаев және Қозы Көрпеш Қарбузов деген мырзалар басқаратын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ғалымжан Жақияновтың құқығын аяқ асты етіп отыр.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партия Ғалымжан Жақияновтың абақтыдан босатылуын талап ету мақсатында қабылдаған бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Мамырдың 26 күні олар Ғалымжан Жақияновтың босатылуын қолдайтын 511 мың азаматтың қолын жинағанын жариялады. Біз бұл санды миллионға жеткізіп, парламенттің Сенат және Мәжіліс спикерлеріне көрсетеміз,- деді «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партиясы саяси төралқасының жетекшісі Асылбек Қожахметов.

Қазіргі кезде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты партия Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Нартай Дутпаевпен оның орынбасары Қозы Көрпеш Қарбузовты қызметінен босату керек, дегенді айтып Республика президентіне ұсыныс жасап отыр. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Батырхан Дәрімбеттің айтуынша, жоғарыда аталған мырзалар Ғалымжан Жақияновқа қысым көрсетіп жатыр.

Батырхан Дәрімбет, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

-Бұл азаматтар адам құқығын қорғаудың орнына, абақтыда отырған азаматтардың құқығын бұзып жатыр. Дәлірек айтсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшілері біздің лидеріміз Ғалымжан Жақияновқа қысым көрсетіп, саяси қызметпен айналыспайтындай болып, президентке хат жаз, сосын біз сені түрмеден босатамыз, деген. Бұл ұсынысқа көнбегеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ғалымжан Жақияновқа күзде болатын сайлауға қатыспай, шет елге кетіп қал, деп әңгіме айта бастаған. Бұл орайда, біз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметімен хабарласып, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партия таратып отырған ақпарат жөнінде білуге тырыстық. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров Ғалымжан Жақияновқа ешкім қысым көрсетіп жатқан жоқ, дегенді жеткізді. Кенжеболат Бекназаров, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы:

-Ғалымжан Жақияновқа ешкім қысым көрсетіп жатқан жоқ, заң бұзушылық орын алған жоқ, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы мұндай әңгімені өздері таратып отыр.

Сонымен қатар, Кенжеболат Бекназаров «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының Нартай Дутпаевпен Қозы Көрпеш Қарбузов қызметінен кетсін, деген ұсынысына назар аудармайтынын айтты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысына риза болмаған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партия Алматы әкімшілігіне де наразы. Себебі Алматы әкімшілішілігі оларға мамырдың 30 күні арнайы митинг ұйымдастыруға рұхсат бермей қойған. Мамырдың 31 саяси құрбандарды еске алу күніне орай , демократтар алаңға шығып, Кеңес Одағы кезінде құғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды және қазіргі кезде саяси көзқарасы үшін абақтыда отырған азаматтарды еске алғысы келген. Бірақ Алматы әкімішілігі рұхсат бермей қойған. Олардың бізге берген жауабыда қызық,- дейді партияның саяси кеңесінің мүшесі Батырхан Дәрімбет. Батырхан Дәрімбет, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

-Біз митингты мамырдың 30 күні өткізгіміз келген. Бірақ қалалық әкімшілік, митингты мамырдың 28 өткізбесеңдер мамырдың 30 күні өткізе алмайсыңдар, себебі қала тұрғындарына бөгет жасайсыңдар, деп айтты. Негізінде, мамырдың 28- жұмыс күні , ал мамырдың 30-демалыс. Сонда біз митингты жұма күні өткізсек, жұмыс істеп жатқан халыққа кедергі жасаймыз ғой, сонда бұл оқиғаны қалай түсінуге болады. Осыған байланысты біз митинг өткізуден бас тарттық.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты партия мамырдың 30 күні арнайы митинг өткізбеседе, барлық отандастарын, желтоқсандықтарды Алматыдағы Республика алаңына шақырды.
XS
SM
MD
LG