Accessibility links

Ирақ соғысы әл-Қайда ұйымын одан әрі күшейте түсті”, дейді британиялық зерттеу орталығы.


АҚШ-тың бастауындағы коалиция күштерінің Ирақтағы соғысы әл-Қайда ұйымының қатарын одан әрі нығайта түсті”, дейді Британияда орналасқан стратегиялық зерттеулер институты.

Лондонда орналасқан Стратегиялық зерттеулер бойынша халықаралық институт жыл сайынғы зерттеу баяндамасын жариялады. Бұл еңбек “2003-2004-жылдардағы Стратегиялық зерттеулер” деп аталады. Тіпті олардың мақсаты, мүмкін болған жағдайда, жаппай қырып-жоятын қару түрлерін қолдану, дейді аталған құжат. Әл-Қайда қазіргі кезде өзін толық қайта құрып, Құрама Штаттары мен оның Еуропалық одақтастарына соққы беруді ойластыруда, делінген онда. Әл-Қайданың негізгі жоспарын жүзеге асыруға әзірліктері аяқталғанға дейін олар АҚШ, Еуропа және Израйльдегі жұмсақ нысаналарды көздей тұратын болады. Және Ирақтағы көтерілісшілерге көмек көрсете бермекші,-дейді баяндаманы әзірлеген зерттеушілер.

Баяндамада, сонымен бірге әлем бойынша нағыз ықпалды терроршылар саны шамамен 18 мыңдай, деп атап көрсетілген. Әл-Қайданың қаза болған, ұсталғандарынан басқа 30-дай басшылары және әлем бойынша орта буындағы ықпалды басшылары бар, дейді аталған зерттеу. Ирақтағы соғыс мақсаты АҚШ-тың Таяу Шығыстағы стратегиялық және саяси қызығушылықтарын алға жылжыту еді. Ал, Әл-Қайда ұйымының басты мақсаты- Мұсылман әлемін Құрама Штаттарының ықпалынан тазарту екені белгілі.

Талданып отырған баяндаманың сарашысы Жонасан Стивенсон бұл жөнінде былай дейді: “Ирақтағы соғыс тұтастай алғанда, Мұсылман әлеміндегі, оның ішінде Араб жерлеріндегі АҚШ әскери күштерінің іздерін одан әрі көбейте түсті. Ол сондай-ақ аймақтағы Құрама Штаттарының саяси ықпалын да күшейтуді көздеуде”.

Әлем бойынша 18 мыңдай ықпалды терроршылар бар, деген мәліметтің қайдан алынғанын сұрағандарға Стивенсон мырза “Әл-Қайда мен Талибан ұйымдарының басқаруындағы Ауғанстан лагерлерінде 1996-шы және 2001-ші жылдар аралығында 20 мыңдай жихатшылар жаттығулардан өткен. Оның ішінде 2 мыңдайы 11-ші қыркүйек оқиғаларынан бергі аралықта не өлтірілді, немесе қамауға алынды.

Демек арифметикалық алу амалын қолдансақ, сонда қазіргі кезде 18 мыңдай пәрменді терроршылар қалып отыр”-, деп түсіндірген еді лондондық сарапшы. Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, бұл аталғандардың аз ғана бөлігі әрдайым белсенді күйде болуы мүмкін. Ал, қалған бөлігі жайшылықта самарқау мүше болғанымен, олар кез-келген қажетті уақытта белсенді әрекеттерге көшіп кетуі әбден кәдік-, дейді Стивенсон мырза. Стратегиялық зерттеулер баяндамасындағы баса айтылған тағы бір жайыт- әл-қайдалықтардың жаппай қырып-жоятын қаруларға қол жеткізуге тынбай ұмтылысы. Мейлі ол ядролық, биологиялық немесе химиялық қару болсын. Дублинде орналасқан лаңкестік әрекеттерді зерттеу ұйымының сарапшысы Шаун Бойнның пікірінше, кейбір шабуылдар өзінің қолтаңбасы бойынша сол баяғы Осама-бин Ладенге жалғасып жатқандай көрінеді. Ал, қайбір лаңкестік әрекеттер тіпті ұқсамайды да. Демек, Әл-Қайда ұйымының нағыз ықпалы, күші жөнінде дөп басып айта қою қиын,-дейді дублиндік сарапшы.
XS
SM
MD
LG