Accessibility links

Жамбыл облысында есірткінің жастар арасындағы етек алуын зерттейтін медициналық тестілеу іске аса бастады.

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

БҰҰ Орталық Азияда Ауғанстаннан заңсыз тасымалданатын есірткінің үлкен проблемаға айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Бұл қауіптенушіліктің негізсіз емес екеніне Ресей сарапшылары мынандай деректер келтіреді: ТМД елдерінде есірткіні тұтынушылар жыл сайын жасарып келе жатқаны байқалады. Бұрын оны тұтынушылардың орта жасы 17-19 жас аралығындағылар болып келсе, қәзір 11-13 жасқа дейін түскен. Яғни, жастардың 50 проценті есірткінің дәмін татса, оның 28 проценті тұрақты тұтынушыға айналған. Ал, Қазақстанда соңғы жылдары есірткіні пайдаланушы жастардың саны бес есеге өсіпті.

Бұл кеселмен күресу мақсатында Қазақстан әртүрлі шаралар атқарып жатыр. Мәселен, Жамбыл облысында жергілікті билік жастар арасында нашақорлықтың қаншалықты дендегенін білу мақсатында арнайы медициналық тестілеу жүргізу үшін биыл бюджеттен 40 млн теңге қаржы бөлуді ұйғарып отыр. Бұл есірткіні негізгі тұтынушы буын жастардың арасында медециналық тестілеуді жүргізу Қазақстанда бірінші рет Жамбыл облысында қолға алынып отыр.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 50 мыңнан аса есірткі дертіне шалдыққандар болса, оның 73 проценті жастардың үлесінде екен.

Енді бұл мәселенің алдын алудағы аталған шараны Алматы қалалық наркологиялық орталықтың дәрігері Сапар Рахменшеев өте құптарлық деп отыр.

Алайда, Қазақстан жастар Одағының төрағасы Есенжол Алияров бұл шараны мемлекттік деңгейде ғана шешу қажеттігін айтады.

Ал, Мәдениет министрлігі Жастар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Нұрсұлтан Кәрімбаев бюджет ақшасын бұдан гөрі тиімдірек пайдалануға болатындығын жеткізді.

Сөйтіп, Қазақстанда аталған шараның бірінші болып, Жамбыл облысында қолға алынуын кейбір сарапшылар Республикадағы есірткінің орталығы Шу өңірі болғандығымен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG