Accessibility links

Ақ үй, АҚШтың лаңкестікке қарсы соғысы Ирақ, Ауғанстан және Ғуантанамо бұғазындағы адам құқтарының жаппай бұзылуына алып келіп отыр, деген Амнести интернашналдың айыптамасына келіспейтіндігін жариялаған.


Ақ үй өкілі Скот МкКлелланың тілшілерге айтуынша, АҚШ керісінше млндаған ирақ және ауған азаматтарының азаматтық құқықтарын қорғап келеді.

Ал АҚШтағы Амнести интернашнал ұйымының атқарушы директоры Виллиям Шулцтың айтуынша,

- АҚШ үкіметі тұтқындарды жазалау, азаптау сықылды іс-тірлік тәсілдерін өзгертуі керек. Халықаралық заң талаптарын бұзуын тоқтатуы қажет, - екен.

Сондай-ақ, Амнести интернашнал Ресей мен Қытайдағы адам құқтарында кездестін келеңсіздіктерді де сынаған.
XS
SM
MD
LG