Accessibility links

АҚШтық ресми орындардың хабарына қарағанда, ал-Қайда ұйымының АҚШта немесе американдық нысаналарға террорлық шабуыл жасау жөніндегі үлкен жоспары бар.


Бұл жөнінде АҚШ әділет министрі Джон Ашкрофт Федреалдық барлау бюросы директоры Роберт Мюллермен бірігіп өткізген баспасөз мәслихаты кезінде айтқан. Барлау деректеріне қарағанда, алдағы бір неше ай ішінде ал-Қайда бір неше нысанға шабуыл жасамақ екен.

Бұл жағдайға орай Джон Ашкрофт былай деген.

- Алдағы айлардағы ал-Қайданың шабуыл нысандары қатарында АҚШтың атсалысуымен Джорджияда өткізілмек 8дік топтың алқылы жыйыны, Бостонда жазда өтетін Демократиялық партия мәжілісі, немесе Нью Йоркта өтетін Республикашылардың бас қосуы болуы мүмкін, - дейді Әділет министрі.

АҚШ İшкі қауіпсіздік хатшысы Том Риджтің теледидардан айтуынша, ондай террорлық шабуыл сенбіге жоспарланған 2-дүниежүзілік соғысына арналған ескерткіштің ашылуына, немесе жазда өтетін жыйындарға орай бағытталуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG