Accessibility links

Қырғызстанда жаңа саяси күш пайда болмақ .

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Қырғызстанда өткен аптада Әділетті сайлау үшін атты жаңа саяси топ құрылды. Олардың көсемдерінің қатарында Мысыр Әшірқұловта бар, ол президент Ақайевтың байырғы досы, әрі дүйсенбіге шейін елдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды. Әшірқұлов Қырғызстандағы негізгі оппозициялық күштердің құрамына қосылды. Президенттің адамы болып есептелетін Әшірқұловтың оппозиция қатарына өтуіне қырғыз саясаткерлерінің пікірлері әр қилы.

Президент және парламент сайлауларының әділ өтуін бақылау бойынша өткен аптада Қырғыз елінде "Әділетті сайлау үшін" атты жаңа саяси одақ құрылды. Жаңа саяси одақты құрған бірнеше адам оппозиция қатарындағы белгілі тұлғалар, ал дүйсенбіге шейін Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған Мысыр Әшірқұловтың бұлардың қатарынан табылуы көптеген сауалдар тудырып отыр. Қырғызстанда Әшірқұловтың президент Ақайевпен жастайынан дос екендіктерін бәрі біледі.

Азаттық радиосына Әшірқұлов, өзінің "Әділетті сайлау үшін" одағы мен үкімет арасында шынайы көпір болғысы келетіндігін айтты. Парламент мүшесі Ақбокен Таштанбеков, Әшірқұловтың оқыс оппозиция құрамынан табылуына сенімсіздік танытады. Оның айтуынша, бұл қитұрқы қадам болуы мүмкін. Бәлки, ертең Әшірқұлов Ақайевтың орнына келер:

Әшірқұловтың өзінің айтуынша, ол жаңа одаққа кірмес алдын ұзақ ойланып барып, шешім қабылдаған. Оны жаңа одақта, Совет Одағының соңғы күндерінде тіркелген бірінші оппозициялық партия " Еркін Қырғызстанның " төрағасы болған Өмірбек Текебаев қолдайды, Текебаев 1994-і жылдан бері " Социалистік Ата-Мекен " партиясының төрағасы, аталмыш партия 2000-ы жылғы оппозициялық "Ар-Намыс " партиясымен бірігіп соңғы сайлауларға қатысты.

"Ар-Намыс "-партиясыда жұма күні " Әділетті сайлау үшін " одағына қосылғаны туралы партия төрағасы Эмиль Әлиев өз қолын қойды. "Халық " партиясының және әртүрлі оппозициялық басылымдардың қожайыны Мелис Эшимқановта, Социал Демократиялық партияның көсемі Алмас Атамбаевта, осы партияның тағы бір серкесі бұрынғы Қаржы министрі әрі Ақайевты қатты сынайтын Адахан Мадумаровта жаңа блокқа қосылып отыр.

Әшірқұловтың өткені оның оппозиция құрамына үміткер ретінде күмәнді көрінеді.

"Ар-Намыс " партиясының көсемі Феликс Құлов, билігін асыра пайдаланды деген айып пен қамауға алынған шақта Әшірқұлов Қауіпсіздік сақтау комитетін басқарды. 2002-і жылы Ақсыда сақшылар шерущілерге оқ атуынан 5 боздақ көз жұмған кезде Әшірқұлов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды. Бірақ, осыдан бірнеше ай алдын ол, 2002-і жылдың оқиғаларына жауапты жергілікті ұлықтар мен сақшылар жауапқа тартылуы керек деді.

2002-і жылдың қырықүйек айында Мысыр Әшірқұловтың өзіне де, қастандық жасалып ол ауыр жараланып тірі қалды, бірақ оған шабуыл жасағанда сезікті адам ұсталғанымен, оған кімнің тапсырма бергендігі әлі белгісіз күйде қалып отыр.

Парламент мүшесі Ақылбек Жапаровтың айтуынша, Әшірқұлов өзіне жасалған қастандықтың әлі күнге дейін ашылмай отыруы себебінен оппозиция қатарын толықтыруы мүмкін.

"Әділетті сайлау үшін " одағы өздерінің мақсаттары сайлаулардың әділ өтуін қадағалау деп ашық жариялағанымен, оппозицияның белді адамдары үкіметтің көрнекті мүшесімен толығуы олар тек осымен ғана қанағаттанады деуге келмейді. Аталмаш саяси блок келесі жылдың ақпан айында өтетін парламент сайлауларында өзін көрсетуі тиіс. Жалпы 2005-і жыл Қырғызстаның сайси өмірінде маңызды, өйткені қазан айында президент сайлаулары болады.

Асқар Ақайев бірнеше мәрте өзінің кететіндігін айтып, әрі Орталық Азия аймағында билік жалпы сайлаулар арқылы жаңаратындығына өзінің жол ашатындығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG