Accessibility links

Ирақ жөніндегі АҚШ мен Британия ұсынысы қарсылыққа тап болды.


АҚШ мен Британияның Қауіпсіздік Кеңесіне Ирақ бойынша ұсынған қаулы жобасы қарсылыққа тап болды. Қытай, Ресей, Франция және Германия Қауіпсіздік Кеңесінде бұл қаулы жобасына жөндеу енгізу керек деп отыр. Бұл елдер Ирақтың уақытша үкіметінің рөлін күшейтуді талап етіп отыр. Ирақтың жаңа үкіметін жасақтап жатқан БҰҰ өкілі Лағдар Брахими Ирақтың ядролық қару бойынша жетекші ғалымы Хусайын Шахристани жаңа үкіметте жұмыс істеуден бас тартқанын мәлімдеген. Саддам режимі құлағаннан кейін тұтқындалып түрмеге жабылған ғалым Шахристаниға Ирақтың үкімет басылық қызметі ұсынылса керек.
XS
SM
MD
LG