Accessibility links

Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысы басталды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Мамырдың 27-і күні Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясының кезекті отырысы басталды.

Бұл іс-шараға еруразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы мемлекеттердің, яғни, Беларусь, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің заң шығарушы органдарының басшылары қатыспақ.

Екі күндік іс-шараның бірінші күнінде аталған қоғамдастықтың тұрақты комиссиялары жұмыс істеуде.

Мамырдың 28-і күні өтетін Парламентаралық ассамбляның бесінші жалпы отырысына Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатыспақ. Бұл жолғы іс шара жан-жақты кең көлемде өткізілмек. Бес тұрақты комиссия жұмыс жасайды.

Алдымен ассамблеяға қатысушы мемлекеттердің парламент басшылары өз елдеріндегі заң шығару саласында интеграциялық процестерді ескеріп, экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз етудегі тәжірибелері туралы пікір алмасады деп мәлімдеді журналистермен кездесуінде парламентаралық ассамбля бюросының жауапты хатшысы Анатолий Марышев.

Бүгінге дейін бізде және басқа да парламентаралық ассамблеяларда әдетте ұсыныстық сипаттағы нормативтік-құқықтық актілер қабылданып келді. Біз қазір қабылданатын заңдардың негізін дайындауды тәжірибемізге енгізбекпіз. Бұл құжат мемлекетаралық кеңес бекітіп, парламенттерде ратификацияланғаннан кейін тікелей күші бар нормативтік құқықтық актіге айналады, дейді Анатолий Марышев.

Марышев мырзаның айтуына қарағанда ертең көлік, кеден және электр энергетикасы саласындағы заңдардың негізі қаралады. Сонымен бірге еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың әлеуметтік концепциясы қаралмақ.

Парламентаралық ассамблеяның төрағасы қайта сайланатын болады. Өйткені, бұл лауазымда бұрынғы Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов болатын. Ал, Әбдікәрімов мырзаның биылғы жылдың көктемінде Қазақстанның мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалғаны белгілі. Марышев мырзаның айтуынша, парламентаралық ассамблеяның төрағасы лауазымына кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз.

Марышев, жаңа қоғамдастық құруда Қазақстан мен Ресей тарапынан мейлінше белсенді жұмыс жүргізілуде екенін айтады.

Парламентаралық ассамблеяның сыртқы байланыстар, қауіпсіздік және аймақтық өзара қарым-қатынас жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, Ресей федералдық жиынының қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі Федерация Кеңесі Комитеті төрағасының орынбасары Владимир Мельников біздің барлығымызға жаңа технологияларға қарай ойысатын кез келді. Оның ішінде кедендік рәсімдеу бар. Бұл өте маңызды мәселе. Ол салада кейінде қалмауымыз керек. Бірақ кеден заңдарын жетілдіруді дамытуда біркелкілік жоқ. Себебі, Қазақстан мен Ресей кеден кодекстерін қабылдады, басқалары әзірге қабылдаған жоқ. Кейбір нормативтік-құжаттарымызда жаңа технологиялық апқараттық мәселелер жеткілікті қамтылмаған дейді.

Мельников мырза, шекаралық мәселер бойынша заңдарды бірегейлендірудің де өте маңызды екенін айтты.

Ал, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, парламентаралық ассамблеяның сыртқы байланыстар, қауіпсіздік және аймақтық өзара қарым-қатынас жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ерлан Нығматулин шекаралық қарым-қатынас мәселесін талқылағанда еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдер азаматтарының еркін-жүріп тұруын қарастыруды көздейтін осы саладағы заңдарды үйлістіру мәселесінің көтеріліп отырғанын айтады.

Мәжіліс депутаты Жазбек Әбдиевтің айтуынша, қоғамдастыққа мүше елдердің арасында тікелей күші бар заңдарды қабылдау келешектің ісі.

Ерузиялық экономикалық қоғамдастықтың парламентаралық ассамблеясының құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңесші–хатшысы, профессор Юрий Мишальченко, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің тәжірибесін ескеру қажет, көптеген халықаралық келісімдер қабылданғанымен олар тиімді жұмыс жасаған жоқ дейді.

Мишальченко мырза сарапшылардың қортындысы бойынша тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы 2,5 мың көп тарапты және осындай көлемде екі жақты келісімдердің тиімділігі 10 пайызды құрады. Бұл проблеманы шешу қажет, дейді.

Сөз болып отырған Еурзиялық экономикалық қоғамдастықтың парламентаралық ассамблеясы 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құқықтық қамтамасыз етумен айналысады.
XS
SM
MD
LG