Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жаңа Ирақтағы қауіпсіздік мәселесі бойынша пікір алшақтығын жақындастыруға қол жеткізбек.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ирақтың толық егемендігін қалпына келтіру бойынша басты мәселелер де, қарама-қайшы шешімде. Қытай, Ресей, Франция және Германия Ирақтың қауіпсіздік мәселеріне көбірек бақылау жасауы бойынша және АҚШ басшылығындағы халықаралық күштерді әкетудің соңғы мерзімін белгілеу бойынша бірлесіп ортақ тіл таппақ. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінің айтуынша, әзірше бір нақты шешім қабылданбайды, өйткені олар аталмаған ирақтық уақытша үкіметпен кеңесулері қажет.

Ирақтың болашағына байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің белді мүшелерінің айтуынша, Ирақтың егемендігіне АҚШ пен Британияның ұсынған жобаларына өзгеріс енгізбек. Сәрсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінің елшілері БҰҰ-ның бас пәтерінде кездесті, олардың айтуынша, АҚШ басшылығындағы халықаралық күштердің 1-і шілдеде билікті қолына алатын ирақтың уақытша үкіметімен қарым-қатынастарын анықтап алу қажет.

БҰҰ-ндағы Францияның елшісі Жан-Марк де Ла Саблиерғдың aйтуынша:

"Біз, халықаралық күштер мен Ирақ үкіметі арасында келісімнің болатындығын білеміз. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Біз, халықаралық күштер мен үкімет арасында кез келген келісімдерді жүргізуге қажетті кейбір негіздер мен талаптар болуы қажет,- деп шыныменде ойлаймыз."

Қауіпсіздік Кеңесінің көптеген мүшелері, ирақтықтарды олардың тілегінсіз біріккен әскери басшылық арқылы соғыс қимылдарына жіберу жағдайларын болдырмауға баса назар аударды.

Германия елшісі Гюнтер Плойгердің айтуынша, болашақта Фалуджадағыдай жағдай қайталанбауы тиіс. Онда ирақтықтар өз қандастарымен соғысудан бас тартқан еді.

Қытай болса халықаралық мандаттың қызметі сайлау өтуі тиіс 2005-і жылдың қаңтарына шейін болуы жеткілікті деген ұсыныс жасады.

АҚШ-Британия жобасына сай, қаңтарда сайлануы тиіс, ирақ үкіметінің талабы бойынша, мандат бір жылдан кейінде бақылауда болуы қажет. Қытай болса үкіметі қадағалушының бақылауына ирақтық әскер мен сақшыларды беру керек, өйткені олар, әлі де, жеткілікті мөлшердегі жатығуды қажет етеді. Қытайдың айтуынша, халықаралық күштер, "егер өзін өзі қорғау жағдайы болмаса, онда әскери қималдар жасамас алдын уақытша үкіметпен келісуі керек."

БҰҰ-ндағы Қытай елшісі Уаң Гуаңяның айтуынша, бұл мәселелер аз уақыттан кейін уақытша үкімет белгілі болған кезде дұрысрақ шешімін табар.

Лондон мен Вашингтон Ирақ тәуелсіздігі бойынша көз қараста пікір алшақтығы жоқ, ол тек басқару-және-бақылау мәселесінде бір-бірін толықтырулар ғана деуде. Осы аптада Британия бас министрі Тони Блэр, ирақтықтар Фалуджада жасалған шабулыдар сынды әрекетерден вето алуы тиіс деді. Бірақ, АҚШ Мемілекеттік хатшысы Колин Пауелл американдық қосындар АҚШ басшылығы астында болады деді.

БҰҰ-ның дайындық жобасында АҚШ басшылығындағы күштер тапсырманы орындау үшін "барлық шараларды іске асыра алады" ал, Ираққа вето тиымын салу құқығы туралы ештеңке айтылмайды. Британдық ұлықтардың айтуынша, бұндай вето туралы қосымша ұсыныс уақытша үкімет туралы келісімге БҰҰ-нда дауысқа салынбас алдын енгізілуі қажет.

Уақытша үкіметте қызмет жасағысы келетін ирақтықтардың тізімін БҰҰ-ның жоғарғы дәрежелі өкілі Лахдар Брахими көпшілікке жариялауы тиіс. Сәрсенбі күні Брахими өзінің үкімет басы қызыметіне лайық адамның бірі Ирақтық ядролық физик Хусейн әл-Шахристанимен кездескендігін айтты. Бірақ, Брахимидың мәлімдеуінше, әл-Шахристани уақытша үкіметте бас министр қызметін атқарғысы жоқ.
XS
SM
MD
LG